«Тұғырлы Тәуелсіздік» акциясы өтті

Выпуск - №49(445)   :   12.12.2020
514

Егемендігіміздің айшықты белгісі саналатын тәуелсіздігімізді алған күн қарсаңында Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің бір топ жастарының қатысуымен Арқалық қаласында арнайы акция өтті.

Түп шежіресі сонау ежелгі түркіден бастау алатын «мың өліп, мың тірілген» қазақ халқы бағзы заманнан бері қаншама өзінің іргелі ел, қабырғалы қалпын, салиқалы салтын сақтап қалғаны – еркіндік сүйгіштік жігерінің, асқақ рухының арқасы. Міне, биыл Қазақстан арайлы азаттығының жиырма тоғызыншы жылына қадам басып отыр.



Бар ғұмырын бостандық үшін күреске арнаған боздақтардың жанкешті еңбегі мен ерен ерлігін еске алу мақсатында «Жастар ісі жөніндегі комитеттің» ұйымдастыруымен өткен акцияға колледжіміздің студенттерінен құралған «НКО» (нағыз көшбасшылар одағы) еріктілер тобының мүшелері, еліміздегі төтенше жағдайға байланысты 5 ерікті жас ат салысты. Іс-шара аясында Арқалық қаласының тұрғындарына 30 ту және «Тұғырлы Тәуелсіздік» тақырыбын қамтыған буклеттер таратылды. Бұндай сыйды күтпеген тұрғындар ерекше тартуға риза болды. Буклет арқылы арманымыздың асқары, ұлық мерекеміз Тәуелсіздік күнімен жерлестерімізді құттықтап, жүрекжарды тілектерімізді білдірдік.



Одан бөлек, жергілікті тұрғындармен етене жақын араласып, тұрмыс жағдайынан хабардар болдық. Тұрғындар сауалдарымызға жауап беру барысында өздерін толғандырған мәселенің шет жағасын айтып қалды. «Бар игілігіміздің бастауы болған тәуелсіздігімізді бағалап, ардақтау мақсатында Тәуелсіздік күні өткенше Жаңа жыл мерекесіне қарқынды дайындалуға өркениетті түрде шектеу қойып, бұны мықтап қолға алынуы тиіс мәселе деп санаймыз» деп өзіндік пікірлерін, ұсыныстарын білдіргендермен қатар «Тәуелсіздіктің жаңа жыл тасасында қалмағандығын, оның өзіндік ойып тұрып алған орны бар екендігін» айтқандар да болды.



Сындарлы тарихымызға шолу жасап, боздақтардың ерен еңбегі турасындағы сауалдарға жаңылмай жауап берген жастарымызды көріп, елінің шынайы патриоттарының қалыптасып келе жатқандығына көзіміз жетті. Олардың шынайы эмоцияларына куә болдық. Акция нәтижесінде аға буынның пікіріне қанығып, өскелең ұрпақтың елжанды екендігіне куә болдық. Қарттарымыз қолын жайып: «Ата-бабамыз ғасырлар бойы армандап өткен тәуелсіз ел болу мәртебесін көру – бүгінгі ұрпаққа бұйырған зор бақыт. Осы қуанышымыз құтты, бақытымыз баянды болсын! Жаңа ғасырда қайта түлеген, жасарып, түрленген еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы болғай!», – деп бата-тілектерін білдірді.



Елдігіміздің жиырма тоғыз жылдығы құтты болсын! Тәуелсіз Қазақстанның таңы нұрлы, егемен еліміздің ұрпағының еңсесі биік болып, көк аспанда қасиетті көк туымыз мәңгі желбіресін! Ал біз халықтың сөзін сөйлейтін осындай игі бастамалардың болашақта жалғасын табуына мүмкіндік жасаймыз.


 

Ниязбек ОРАЗОВ,
Н.Құлжанова атындағы
Торғай гуманитарлық колледжі
жастар ісі жөніндегі
комитет төрағасы,
Арқалық қаласы

 

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.