Тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетілді

Выпуск - №19(516)   :   12.05.2022
540

Республикалық деңгейде өтіп жатқан «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің ерікті жастары Арқалық қаласындағы тыл ардагерлерімізді Жеңіс күнімен құттықтады.

Ел тарихында, жалпы әр отбасының тағдырында терең із қалдырған, жүрекке салған жарасы әлі де жазыла қоймаған оқиға – Ұлы Отан соғысы. Жер бетін тып-типыл етуге ұмытылған, аранын ашып, әлемге алақұйын жалын шашып, жан біткенді жалмауға жанталасқан зұлмат – екінші дүниежүзілік соғыс. Жалпы соғыс – уақытқа тәуелсіз, ешқашан өзгермейтін, ешқандай сынға берілмейтін азап екені белгілі. Қиямет пен қырғын қан төгістен арылып, армандап жеткен жеңісімізге биыл 77 жыл толды. Сондықтан осы күнге жетіп, Жеңіс күнін ашық аспан астында, бейбіт өмірде тойлағалы отырғанымыз үшін ардагер ата-әжелерімізге айтар алғысымыз шексіз.


Колледжіміздің еріктілері мерекеге орай Арқалық қаласының тұрғындары, тыл ардагерлері – Мұхаммед Рахым Спандияров және Нұрлыбек Сағындықов аталарымызды құттықтап қайтты. Нұрлыбек Сағындықов жастарды меркемен құттықтап, ел басына күн туған шақта қайсарлық танытқан батыр бабаларымыздың ерлігі ешқашан ұмытылмайтынын тілге тиек етті.

– Сіздерді шын жүректен Ұлы Жеңіс күнімен құттықтаймын! Еліміз, міне, жеңісті жетпіс жетінші рет тойлағалы отыр. Бұл Жеңістің халық үшін құны өлшеусіз, сондықтан аталарымыз бен әкелеріміздің жанкешті ерлігі кейінгі ұрпақтың жүрегінде мәңгі сақталмақ. Тыл еңбеккерлерін ардақтай отырып, Жеңіс күнін көре алмаған майдангерлерді ұмыт қалдырмай, олардың алдында бас июіміз – парыз. Ол кісілердің ерлігі мен қайсарлығын, Отанға деген сүйіспеншілігін үлгі тұтуымыз керек, – деп атап өтті Нұрлыбек атамыз.


Майдандағы жауынгерлер де, тылдағы еңбеккерлер де «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып», халықтың барлығы дерлік жеңістің жолында қолынан келгенін жасады. Бейбіт күнде ғұмыр кешір жатсақ та, ардагерлеріміздің жанкешті ерлігін, көрген қиыншылықтары мен еңбегін ешқашан ұмытпаймыз. Аға ұрпақтың Ұлы Отан соғысының жалынды жылдарындағы ерлік істері, соғыстан кейін қираған халық шаруашылығын қалпына келтіру жолындағы қажырлы еңбектері біз үшін өшпес өнеге, өлмес мұра. Өскелең ұрпақ соғыстың зұлматын көрмей, арамызда жүрген ардагерлерімізді құметтесін деген ниетпен өткізілген кездесуіміздің мәні айрықша.


Ниязбек ОРАЗОВ,
Н.Құлжанова атындағы
Торғай гуманитарлық колледжі
Жастар ісі жөніндегі
комитетінің төрағасы,
Арқалық қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.