Қоғамның ең озбыр тұсы – жанұялық зомбылық. Қазақстанда саламатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі – бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу.

Жалпы мағынасыда зомбылықты физикалық қасірет көрсету әрекеті деп анықтауға болса, онда тұрмыстық зомбылықта бұл әрекеттің бастауы мен айқындау нүктесі анық белгіленеді. Жанұяда зұлымдық жасаушының жемтігі ең жақын адамдары болады. «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» демекші, балаға отбасы тәрбиесінің әсері мол. Оған әсер ететін өскен орта, ата-ананың тәрбиесі дұрыс болмаса, жаман әсерлер адамды азғырып, түрлі теріс мінезді жұқтырады. Отбасындағы ата-ананың мінез-құлқы – баланың көз алдындағы үлгі-өнеге алатын, оған қарап өсетін нысаны. Нашақорлық, темекіге, ішімдікке үйірлік денсаулыққа, ұрпаққа, отбасына зиянын тигізетіндігін айтпағанда, теріс жолға түсіп, зорлық-зомбылық жасауға әкеп соқтырады.
Балалардың қылмысқа баруына не себеп? Кейбір ата-аналар бала тәрбиесіне жеткілікті көңіл бөлмей, баланың бос уақытын қайда және кіммен өткізетінін, өзін бөтен адамдармен, таныс емес ортада қалай ұстау керектігі жөнінде, сақтық шаралары туралы әңгіме өткізе бермейді. Міне, ата-ананың осындай салғырттығы әр түрлі дәрежедегі қылмыстың жасалуына әкеп соғады. Осындай салғырттықа жол бермес үшін Арқалық политехникалық колледжінде ІІБ учаскелік қызметкері полиция капитаны Еркін Какеновпен бірлесе отырып колледждің «Жүрек жылуы» еріктілер тобының қатысуымен «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ» атты акция өткізілген болатын.
Аталған іс-шара барысында білім алушылардың тұрмыстық жағдайын бақылау мақсатында тұрғын үйлерді аралап, рейдтік шаралар жүзеге асырылды. Сонымен қатар ІІБ қызметкері ата-аналармен өз балаларын тәрбиелеудегі өздеріне жүктелген жауапкершілік пен міндеттері туралы, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың балаларға кері әсерін тигізетіндігі, ауыр дене жарақатын келтіргені үшін тартылатын жауапкершілік және басқа да қылмыс түрлерінің жауапкершілігі туралы ата-аналармен арнайы дөңгелек үстел ұйымдастырылып, әңгіме жүргізілді. «Жүрек жылуы» еріктілер тобы ІІБ қызметкерімен бірге тұрмыстық зорлық-зомбылыққа байланысты плакаттар жасап, қала тұрғындарына брошюралар таратты. Аталмыш акция барысында колледж білім алушылары арнайы флешмоб та ұйымдастырды.
«Адамнан – адам тәлім алады, ағаштан – ағаш мәуе алады» деген сөз бекер айтылмаса керек. Үзіліссіз ұрпақ тәрбиесіндегі қос босаға – тәртіп пен мәдениет күллі адам атаулының күнделікті әдеттеріне айналған кезде, біздер мейірімі мол қайырымды қоғамды құрып қана қоймай, зорлық-зомбылықсыз балалық шақтың шаңырағын биіктете түскен болар едік. Бүгінде тәуелсіз мемлекетімізде зорлық-зомбылыққа жол жоқ. Оның етек алуы отбасынан басталады. Отбасындағы салауаттылық – өркениетті қоғамның талабы, өйткені ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүрлер мен мұраттар көбінесе отбасында дамып, қалыптасады. Адамды өзара түсіністікке жеткізетін шынайы да тұрақты сүйіспеншілік дәстүрлері де тек саламатты отбасында ғана қалыптасады. Балаларға қамқорлық жасау, баланың абыройы мен құқықтарын құрметтеу – мемлекеттің ғана емес, әрбір адамның міндеті.
Тәрбие саласына аса мән беру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Балалар – еліміздің болашағы болғандықтан, оларды тәрбиелеу, оқыту, білім беру, болашаққа қадам бастыртып осы өмірде өз орнын табуына ықпал ету әр ата-ананың міндеті. Ананың бесік жырынан басталатын қарым-қатынасы, іс-әрекет, әдет-ғұрып, салт-дәстүр – осылардың бәрі адамның сана-сезімін, мінез-құлқын қалыптастыратын тәлімдік мұра.
Майра ИСКАКОВА,
әлеуметтік педагогі,
Айнұр ДАКАР,
педагог-психологы,
Арқалық политехникалық
колледжі
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.