Жұмысшы мамандықтары жылы аясында Қостанай автомобиль көлігі колледжінде «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі инновациялар: сын-тегеуріндер мен перспективалар» тақырыбында халықаралық педагогикалық оқулар өтті.
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әдістемелік орталығы» КММ қолдауымен ұйымдастырылған халықаралық деңгейдегі педагогикалық оқулар аясында жұмысшы кадрларды даярлау жүйесін жетілдірудің, техникалық және кәсіптік білім берудің (ТжКБ) тартымдылығын арттырудың, білім беру бағдарламаларының еңбек нарығының талаптарына сәйкес болуының және оқытудың инновациялық әдістерін енгізумен қоса кәсіпорындармен әріптестікті дамытудың өзекті мәселелері талқыланды.
Колледждің конференц-залында ұйымдастырылған іс-шараның ашылу рәсімінде жалпы 200-ден астам қатысушы, 50 білім беру ұйымының басын босқан ауқымды жиынның маңыздылығы баса айтылды.
– Халықаралық педагогикалық оқулар дәстүрлі түрде, осымен төртінші жыл қатарынан Қостанай автомобиль көлігі колледжінің базасында ұйымдастырылуда. Жыл өткен сайын талаптар күшейіп, іс-шара қатысушыларының қатары да артып келеді. Облыста ғана емес, республика көлемінде де жақсы таныс Қостанай автомобиль көлігі колледжі – уақыт талабына сай үздіксіз дамып келе жатқан бірегей оқу орыны екенін атап өткім келеді. Ал, бүгінгі жиын халықаралық деңгейде өзара тәжірибе алмасып, ТжКБ жүйесіндегі инновациялық тәжірибелерді қарастыруға мүмкіндік беретін алаңға айналды, – деген Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әдістемелік орталығы» КММ басшысының орынбасары Марал Бокаева, педагогикалық оқулардың қатысушыларына ТжКБ мәселелеріне немқұрайды қарамағандары үшін алғысын білдірді.
Артынша сөз алған Қостанай автомобиль көлігі колледжінің директоры Дмитрий Павленко ТжКБ жүйесінің мамандары үшін маңызды жиының тарихына кішігірім шолу жасап өтті.
– Педагогикалық оқулар енді ғана қолға алынған 2022 жылы небәрі 50 жұмыс қатысып, оның жартысына жуығы біздің педагогтердікі болатын. Уақыт өте, іс-шараның ауқымы да кеңейіп, былтыр 300 жұмыс қабылданса, биыл 200 жұмыс қатысуға өтінім білдірді. Іс-шараның географиялық ауқымы да кеңейіп, халықаралық деңгейге жетіп отыр, – дей келе, алыс-жақын елді мекендерден қатысып отырған барша кәсіби мамандарға ризашылығын білдірді. – Желтоқсан айында колледжімізде өте маңызды оқиға орын алды – біз Эрфурт білім беру орталығымен (Германия) техникалық және кәсіптік білім беруді одан әрі дамыту бағытындағы ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойдық. Бүгін сол орталықтың өкілдері бізбен байланысқа шығып, өз тәжірибесімен бөліспек.
Иә, айтқандай, осы орталықтың жобаларды басқару және дамыту департаментінің басшысы Adnan Mesanagic, білім және біліктілікті арттыру департаментінің басшысы Udo Bayer тікелей онлайн байланыс арқылы баяндамасын оқып, жиналғандарға жеке тәжірибесін таныстырды. Сондай-ақ, пленарлық бөлімде арнайы сөз алған Психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығының директоры Елена Петренко орталықтың соңғы 6 жылда білім беру мекемелеріне енгізіп жатқан жобалары туралы баяндады. Олардың қатарында 2023 жылдан бастап жемісті жұмыс істеп келе жатқан «Сигнал» авторлық бағдарламасы, облыстың 10 пилоттық мектебінде сынақтан өтіп жатқан «HR+» ППМАЖ платформасындағы «КодАктив» жаңа антибуллинг бағдарламасы және т.б. бар.
Артынша «Жұмысшы кадрларды даярлау жүйесін жетілдіру және ТжКБ тартымдылығын арттыру»; «Білім беру бағдарламаларының еңбек нарығының талаптарына сәйкестігін талдау»; «Білім беруде цифрлық технологиялар мен инновациялық құралдарды енгізу»; «Білім беруді дамыту және өнеркәсіптік кәсіпорындармен әріптестік тенденциялары»; «Жұмысшыларды оқыту және қолдау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту»; сондай-ақ «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы шеңберінде педагогтерді жаңа білім беру сын-тегеуріндеріне бейімдеу»; «Көгілдір жұмыс орындарының беделін көтеру үшін стратегиялық бастамаларды алға жылжыту» атты секциялар жұмысы аясында білікті мамандар әртүрлі қызықты тақырыптарда тәжірибелерімен бөлісіп, жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыру бойынша стратегиялық бастамаларды ұсынды. Талқылау барысында айтылған идеялар мен шешімдер білім беру саласын дамытуға, сонымен қатар өнеркәсіп пен бизнес үшін жоғары білікті кадрларды даярлауға бағытталған маңызды қадамдар болмақ.
Ақпанның 11-15 аралығында елордамыз Астана қаласындағы EXPO павильонында Жұмысшы мамандықтары жылының ашылуы өтетінін сөз орайы келгенде айта кеткен жөн. Ауқымды іс-шараға Қостанай автомобиль көлігі колледжі мен Allur компаниясы бірлесе қатыспақ.
Жамал ШАУКЕН,
суретті түсірген автор
Сберечь природу в наших силах
Сила единства и результатов: итоги работы профсоюзных организаций Карасуского района
Маленькие исследователи
Праздник профессионализма: выбраны лучшие педагоги-психологи области
Обмен опытом и расширение возможностей
Учитель – это светоч нации. Ежедневным кропотливым трудом каждый из вас вносит неоценимый вклад в развитие страны. Вы сеете семена знаний в молодые сердца и растите мыслящую нацию. Ибрай Алтынсарин говорил: «Превыше всего я ценю хорошего учителя». Педагог – ключевая фигура в построении будущего страны, поэтому ему должно быть отведено достойное место в обществе.
Я спросил у посла Японии, каким образом его страна сумела так быстро достичь высокой степени развития, стала играть в мире столь важную роль? Мне очень понравился ответ посла: «Японцы верили, что единственный способ поднять страну – это дать своим детям лучшее образование, чем они имели сами, самым важным для них было уйти от своего положения крестьян и получить образование. Поэтому в семьях огромные усилия прикладывались к тому, чтобы поощрять детей хорошо учиться в школе, чтобы они могли чего-то достичь. Из-за этого стремления постоянно чему-то учиться, через систему образования распространялись новые идеи из внешнего мира. Это одна из причин быстрого развития Японии».