Желтоқсанның 5-і – еліміздің ерікті жастары үшін ерекше, маңызды күн. Себебі, ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды Волонтерлер жылы деп жариялағаны белгілі. Осы күннің тойланып отырғанына биыл, міне, 3 жыл толып отыр.

ТжКБ ұйымдарының басшыларының қызметін бағалауы үшін КРІ-ға байланысты Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің «Жастар ісі жөніндегі комитетінің» ұйымдастыруымен «Волонтерлік – жүрек қалауы» атты қалалық колледждер арасында тәжірибе алмасу шарасы өтті. Іс-шарамыздың негізгі мақсатын атап өтер болсақ, ол – қаламыздағы колледждердің еріктілік қозғалысын насихаттау және дамытуды көздеді. Өзара тәжірибе алмасудың міндеттері – қала колледждерінің волонтерлік бірлестіктерінің өкілдері үшін қарым-қатынас пен өзара іс-қимылдың, тәжірибе алмасудың бірыңғай өрісін құру; олонтерлік қызметке қатысу үшін жастардың ынтасын арттыру; жастардың белсенді өмірлік ұстанымдарын дамытуға жәрдемдесу арқылы оларды әлеуметтік маңызды қызметке тарту.

Ең алдымен, қаламыздағы әрбір оқу орнына қатынасу ережелері жіберіліп, іс-тәжірибеге қатысу шарттары көрсетілді. Сонымен, бұл шараға 7-10 адамнан тұратын делегация құрамында жастар қатысып, негізгі бағыттарға тоқталып өтті. Біріншіден, әрбір оқу орны презентация арқылы жетістіктерін таныстырулары керек. Екіншіден, ойын түрінде тренинг өткізсе. Үшіншіден, волонтерлерден, өз қалаулары бойынша, бір сазды нөмір: ән немесе би. Әр колледж барлық бағытты толықтай қамтып, өнерлерімен ортаға салып, өздерін сан қырларынан көрсете білді.


Қоғамда қандай жұмыстар жасалып, қандай іс-шаралар өткізілмесін, оларды ұйымдастырушы, жүзеге асырушы – қарапайым адамдар. Бірінші кезекте, қоршаған орта мен қоғамға жаңа игі өзгерістер әкелуді қалайтындар, өздерінің сол ортаның мүшесі екендігін сезіне отырып, барынша жақсылық жасаушылар жасаған жақсылығы мен атқарған жұмысы үшін ақы сұрамайтын жандар. Осылардың барлығын бір арнаға тоғыстырсақ, қазіргі күні «Ерікті» немесе «Волонтер» деп аталатын мамандық иесі, қоғам мүшелеріне лайықты аттың иелерін көреміз. Іс-шарамызға қатысқан колледжерді атап айтсам, олар: Арқалық политехникалық колледжі, Арқалық көпсалы колледжі және Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі. Тағылымға толы шара соныңда қорытынды сөз айтылып, әр колледжге жұмыстарына, бастамаларына сәттілік тілеп, Алғыс хатпен марапаттадық.
Волонтер болу – қоғамды сәл де болсын өзгертуге жасалған қадам дер едім. Әр адам өмірден негатив көре бергенше, «Менің қолымнан не келеді?» деп өзіне сұрақ қойғаны жөн. Күніне бір сағат қоғамға тегін жұмыс істеу – әр адамның азаматтық борышы болуы керек деп ойлаймын. Иә, тегін жұмыс істесеңіз де, кейін жинаған тәжірибеңіз сізге екі есе көмектеседі. Әлемге жақсылық нұрын шашу – өз қолымызда. Бұған дәлел біздің колледжіміздің «Волонтер болу – алдымен қоғамды сәл де болсын өзгертуге қадам» дегені тұздық. Оны ақысы қайтпайтын жұмыс деп емес, көп тәжірибе мен керемет адамдармен тіл табыстыратын, жаңа бастамаға апаратын ғажап жол деп ұққан абзал. Осындай бірлескен іс-шаралар арқылы тиімді қарым-қатынас орнатып, болашақта еліміздің ертеңі болар азаматтарды тәрбиелеуде кейінгі жастарға үлгі болып, биік белестерге жететініміз анық.
Ниязбек ОРАЗОВ,
Н.Құлжанова атындағы
Торғай гуманитарлық колледжі
Жастар ісі жөніндегі
комитетінің төрағасы,
Арқалық қаласы
Благодаря профессионализму коллектива редакции и пониманию важности наших тем мы, педагоги, можем представить широкой аудитории региона самые актуальные материалы о своей работе, о достижениях коллег и успехах учащихся. Я считаю, что газета «Учительская плюс» играет ключевую роль в поддержке профессионального сообщества, в развитии образования Костанайской области. И горжусь тем, что могу внести свой вклад в это дело вместе с газетой.
«У страны с сильной прессой – большое будущее», – сказал Мыржакып Дулатов. Действительно, роль СМИ на пути роста сильного общества велика. С каждым годом становится всё больше и больше грамотных читателей со своим видением и потребностями. И это радует. Издание «Учительская плюс», вестник сферы образования нашего региона, заряжает педагогов творческим вдохновением. На протяжении нескольких лет в этой газете публиковались мои статьи, написанные с целью популяризации имён и достижений талантливых учителей и студентов Рудненского социально-гуманитарного колледжа им. И.Алтынсарина. В последние годы я начала писать небольшие произведения. И именно «Учительская плюс» впервые представила мои рассказы. Для меня это издание занимает особое место. Верю, что и в дальнейшем газета «Учительская плюс» со сформированной читательской средой продолжит процесс духовной поддержки творческих и талантливых педагогов.