Учительская плюс

Областная еженедельная общественная информационно-образовательная газета
Календарь
08/11/26 Воскресенье

Волонтерлер қатарына қосылды

Выпуск - №48(444)   :   06.12.2020
402

ҚР-ның Білім және ғылым, Ақпарат және қоғамдық даму министрліктері арасында волонтерлер қозғалысы Qazvolunteer.kz бірыңғай веб-платформасына біріктірілді. Оған Арқалық политехникалық колледжінің 30-ға жуық студенті тіркелді.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым минстрлігі Қазақстан Республикасының білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыттарын іске асыру шеңберінде колледж студенттеріне әлеуметтік несие берілетіндігі туралы хабарлаған еді. Студенттерді әлеуметтік және қоғамдық пайдалы қызметке кеңінен тартуға бағытталған «Әлеуметтік студенттік кредит» жобасын іске асыру шеңберінде ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.
Жастар ресурстық орталығы жанындағы «ZhasA» еріктілер штабының жетекшісі Дүйсен Қияшов еріктілерімізбен кездесіп, іріктеу жасап, ішінен 10 жасты жұмыспен қамтыды. Жобада 11 бағыт бойынша қоғамдық пайдалы қызметті көтермелеу көзделген болатын. Колледжіміздің еріктілері Аман Қуанышов, Мирас Сейтқұл «Аула және спорт клубтарын» ұйымдастыру бағытында жұмыс атқарса, Алтын Мизамбаева, Эльвира Қабдыбек «Волонтерлермен республикалық және қалалық іс-шараларды өткізу кезінде жергілікті жастар ресурстық орталықтарының жұмысына қатысу» бағытында жұмыс атқарды.
Ал Алихан Төлегенов, Гүлназ Тәуекелова, Мадина Жұмағали, Нұрсұлтан Асхат, Сүндет Таңатқан «Жастар азаматтық бастамалар» бағыты бойынша жұмыстарын атқарған болатын. Еріктілеріміз аталған бағыттар бойынша өз сағаттарын толықтай өтеп шықты. Олар алдағы уақытта да асқан қызығушылықпен талмай жұмыс атқарып, еріктілікті дамыту мақсатында қоғамға зор үлестерін қосатындығын білдірді.

Алданыш БАЙЖУМИНА,
Арқалық политехникалық
колледжі «Жүрек жылуы»
еріктілер тобының жетекшісі

 

Реклама

Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.