Халықаралық қысқы онлайн-мектеп басталды

Выпуск - №7 (454)   :   17.02.2021
361

Қазақстан мен Ресей студенттерін біріктірген «Халықаралық агробизнес» атты қысқы онлайн-мектеп ақпан айының 15-і күні алғаш рет бастау алды. Бір ай ішінде оған агроөнеркәсіптік кешен және экономика мамандығында оқитын 40 студент қатыспақ.

Бұл М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті мен П.Столыпин атындағы Омбы мемлекеттік аграрлық университеті және Ресей Федерациясы Сауда-Өнеркәсіптік Палатасы (СӨП) жанындағы Ресей-Қазақстан Іскерлік кеңесінің қолдауымен бірлесіп жасалған жоба екенін атап өтсек ләзім. Халықаралық мектеп агроазық-түлік тауарларымен халықаралық нарыққа шығу стратегияларын анықтауда студенттердің заманауи құзыреттіліктерін қалыптастыру, сонымен қатар бизнес мәселелерін шешуде мәдениаралық байланыс деңгейін арттыру мақсатын көздейді.
Шараның ашылу салтанатына РФ СӨП жанындағы Ресей-Қазақстан іскерлік кеңесінің төрағасы Михаил Смирнов, іскери серіктестердің өкілдері – «ЭФКО» ГК даму жөніндегі директор орынбасары Александр Куликов, «Азимут» ЖШС директоры орынбасары Артем Хаданович, «Астық» лифт жабдықтары зауыты» ЖШС менеджері Эдуард Салмагамбетов, мектептің мұғалімдері, мамандары және оқушылары қатысты. Олар «Индустрия 4.0» дәуірінде мектеп құрудың өзектілігін, азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы жаһандық проблеманы ескере отырып, Қазақстан мен Ресейдің экономикасын нығайту және екі елдің агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамыту қажеттілігін талқылады. Ұйымдастыру комитеті үйлестірушісінің айтуынша, онлайн-мектеп студенттерге бірқатар мүмкіндіктерге жол ашпақ.
– Жоба қатысушылары агроазық-түлік тауарларының халықаралық нарыққа шығу стратегияларын анықтаудағы құзыреттіліктерді игеріп, өз жобаларын әзірлеу мүмкіндігіне ие бола алады. Алғашқы екі апта ішінде олар серіктес компаниялардың, яғни «Эфко» компаниялар тобы (РФ), «Азимут» ЖШС (ҚР) және «Астық» элеватор жабдықтары зауыты (ҚР) өнімдерімен танысады, агроазық-түлік тауарларын халықаралық нарыққа шығарудың негізгі аспектілерін зерттейді, халықаралық маркетингті және шетелдік бизнесті жүргізу ерекшеліктерін игереді. Демек алдағы екі апта бизнес-серіктестердің халықаралық нарыққа шығу стратегиясын әзірлеу бойынша топтық жобалармен жұмыс істеуге арналған, – дейді ҚИнЭУ халықаралық ынтымақтастық және жобаларды енгізу орталығының басшысы Жанат Джабасова.
Мектепті сәтті аяқтағаннан кейін қатысқан студенттерге арнайы сертификаттар табысталады. Ал жеңімпаз атанған топтар бизнес-жобаларды таныстыру шеңберінде қаржылай сыйақыға ие болмақ.

Жамал ШАУКЕН

ГЛАВНЫЕ НОВОСТИ

Путь, заданный великим учителем

Вчера в 14:44

Патриотическое воспитание

Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия

Вчера в 14:40

Профессиональное содружество

Эффективное взаимодействие педагогов и родителей

Вчера в 14:36

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

История первого детского сада Лисаковска

Вчера в 14:33

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

Актуально

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.