Үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді

Выпуск - №11 (458)   :   22.03.2021
675

Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінде наурыз айының басында «Ғылымға бастау. Мамандықтар әлемі» тақырыбында үгіт-насихат жұмыстарының онкүндігі өтті. Онкүндікте түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды.

«Менің мамандығым» тақырыбында тәрбие сағаттары, «Ең танымал мамандықтар» дебат, «Мамандық өмір таңдауы» көрме, «Біздің колледжді таңда!» бейне байқауы (колледж жарнамасы), «Ұядан қанат қаққандар» түлектермен кездесу, «Менің мамандығым» челленджі ұйымдастырылды. Онкүндікке колледж білім алушылары мен оқытушылары белсене араласты. «Жас қанат» жастар ұйымының мүшелері мектептің 9-11 сынып түлектеріне колледждің жарнамасы мен үлестірмелі қағаздары таратты.
Одан бөлек колледжімізде үгіт-насихат жұмыстарының онкүндігі өткізілді. Онкүндіктің әр күнінде әртүрлі іс-шаралар қамтылды. Соның бірі «Ұядан қанат қаққандар» тақырыбында ұйымдастырылған түлектермен кездесу кештері өтті. Кездесуді колледждің мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мамандығының оқытушысы Айгерим Сейполинова мен педагог-ұйымдастырушы Ақмарал Бауыржанова ұйымдастырды.
Кездесуге Саяжан Қапсалық – №6 А.Құнанбаев атындағы мектеп гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі, Наурызбек Әміржан – А.Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназия мектебінің дене тәрбиесі мұғалімі, Олжас Қапан – Кейкі батыр атындағы №4 орта мектебінің музыка пәнінің мұғалімі, Ақбота Әбдрахман – балалар музыка мектебінің оқытушылары келіп, білім алушыларға мамандықты таңдағанда қателеспеу керектігін, өздерінің қызықты оқиғаларымен, алғашқы ұстаздық жолдары жайында пікір алмасты. Кездесу соңы музыкалық ән кешіне жалғасып, түлектер білім нәрін берген оқытушыларға алғыстарын білдірді.

Бақытира НҰРҒАЗИЕВА,
Н.Құлжанова атындағы
Торғай гуманитарлық колледжі
директордың оқу өндірістік 
жұмысы жөніндегі орынбасары,
Арқалық қаласы

 

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.