Үйірменің үйретері мол

Выпуск - №40(487)   :   16.10.2021
407

«Үйрете отырып үйрену ғана жеміс береді», – деген екен қазақтың қайсар ұлы Бауыржан Момышұлы. Шындығында өзгелерді мақсатты түрде үйрете отырып, тынымсыз ізденіп, жаңашылдыққа ұмтыла отырып, шыңдалатынымыз тағы бар.

Осы орайда үстіміздегі оқу жылында колледж студенттері арасында «Жас қаламгер» үйірмесі жұмысын бастады. Үйірменің көздеген нысанасы – білім алушыларды құдіретті сөз өнеріне баулу, жазба тілінде ой-пікірін ықшамдап, қорытынды жасай білуге үйрету және журналистиканың алғышарттарымен таныстыра отырып, қабілет-қарымын дамыту. Жастардың қабілеттерін дамытумен қатар, олардың шығармашылықпен шындап кірісуіне де мүмкіндік жасау көзделген. Ол үшін өңіріміздегі бұқаралық ақпарат құралдарымен (БАҚ) тығыз байланыс жасай отырып, білім ордасындағы талантты ұстаздар мен студенттердің толағай жетістіктерін шағын мақала жазу арқылы насихаттау көзделген.


Болашақта колледж жаңалықтарының жаршысына айналатын үйірменің танымдық кездесулер мен тағылымды кештерді ұйымдастыру да жоспарында бар. Үйірменің алғашқы басқосуында мақсат-міндеттер нақтыланып, жұмыс жоспары таныстырылып, практикалық тапсырмалар берілді. Үйірме құрамында ШТ-02, МДТ-01, 02, 03, ББМ-01 топтарының студенттері бар. Олардың әрбіреуі өзіндік көзқарасы қалыптасқан, шығармашылыққа бой ұрған өнерлі де өрелі жастар. Әрқайсысы өзінше екекшеленеді. Бірі шабыттанып өлең шығарса, енді бірі әсерлі әңгімелер жазады. Армандары асқақ, жоспарлары жарқын, мақсаттары айқын жас қаламгерлердің үйірмеден үйренері көп.


Индира ЖАЙЛАУБАЕВА,
Ы.Алтынсарин атындағы
Рудный әлеуметтік-гуманитарлық
колледжінің арнайы
пәндердің оқытушысы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.