Үйренейік, ізденейік, жас маман

Выпуск - №5(553)   :   03.02.2023
1021

Жақында Арқалық политехникалық колледжінде «Бүгінгі жас маман – келер ұрпақтың сәулеткері» атты «Қызмет көрсету саласы пәндері» топтамалық әдістемелік комиссиясының апталығы өтті.

Апталық оқытушылардың өзара іс-тәжірибесімен бөлісу, арнайы және өндірістік оқыту сабақтарында және сабақтан тыс іс-шараларды оқытудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып, білім алушылардың білім алуға қызығушылын арттыру, ой-өрісі мен таным белсенділіктерін жан-жақты жетілдіру, мамандық құзыреттіліктерін қалыптастыру мақсатын көздеді.

Тағылымды апталық аясында жоспар бойынша «Фермер шаруашылығы (бейіні бойынша)», «Тамақтандыруды ұйымдастыру», «Шаштараз өнері», «Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету», «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандықтары білім алушыларының қатысуымен ашық сабақтар, топтан тыс іс-шаралар, өндірістік оқыту сабақтары, шебер сынып және жыл сайын дәстүрге айналған «Жылы жүрек – жомарт қол» қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Қайырымдылықтан түскен қаражат мүмкіндігі шектеулі білім алушыларға көмекке жұмсалды.

Білім алушылар ұйымдастырылған іс-шаралар аясында креативті идеяларын танытып, белсенді білім алушылар мадақтамалармен марапатталды. «Қызмет көрсету саласы пәндері» топтамалық әдістемелік комиссиясының апталығы білім алушылардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға, шығармашылық пен бастамашылдықты айқын көрсетуге, қарым-қатынас дағдыларын, топтық бірлестікті дамытуға мүмкіндік берді, сонымен қатар ерекше ақпараттық кеңістік құра біліп, мамандықтарына деген қызығушылығын арттырып, келер ұрпаққа үлгі болатын мамандар қатары толығып келе жатқанын айқын көрсетті.


Нұргүл ӘЛІМЖАН,
Арқалық политехникалық
колледжінің «Қызмет
көрсету саласы пәндері»
ТӘК төрайымы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.