Ұлттық қолөнер – тәрбие көзі

Выпуск - №44 (541)   :   12.11.2022
771

Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының педагогикалық тәжірибе әдіскерлері Динара Білісбекова мен Айгерим Сейполинова балабақша тәрбиешілерімен «Шебер қолдар» байқауын ұйымдастырды.

Тұлғаның жан-жақты дамуына эстетикалық тәрбиенің де маңызы зор. Жыл өткен сайын елімізде эстетикалық тәрбиеге деген ықылас артып келеді. Қазақ елі тәуелсіздігін алғалы, халқымыздың қолөнері қандай жетістіктерге жетіп отырғаны белгілі. Себебі, қазір біз ұмыт бола бастаған қолөнерді қайта жаңғырта бастадық. Қолөнер – халқымыздың қасиеттімен ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, тамырын тереңге жайып келе жатқан мұра. «Өнер – таусылмас азық, жұтамас байлық» дейді халық даналығы. Ол адамның дүнитанымына, сеніміне, адамгершілік-моральдық қасиеттердің қалыптасуына, эстетикалық сезіміне, алға қайған мақсатының айқындалуына әсер етеді.

Ұлттық қолөнерді насихаттаған байқауға «Балдырған А», «Раушан», «Золотой ключик», «Ай-Али» бөбекжай-балабақшаларының тәрбиешілері қатысып, өздерінің қолдан жасаған бұйымдарын тарту етті. Нәтижесінде бас жүлдені «Балдырған А» б/б тәрбиешісі А.Шаухатбекова, I орынды «Золотой ключик» б/б тәрбиешісі Г.Қалиева және «Раушан» б/б тәрбиешісі Э.Габдуалиева, II орынды «Балдырған А» б/б тәрбиешісі А.Дүйсенбай және «Золотой ключик» б/б тәрбиешісі К.Оразгалиева, III орынды «Балдырған А» б/б тәрбиешісі М.Қорғанбекова және «Золотой ключик» б/б тәрбиешісі Н.Газезова ие болды.

«Талантты» номинациясына «Балдырған А» б/б тәрбиешісі А.Молдабаева, «Талғампаз» номинациясына «Раушан» б/б тәрбиешісі Ж.Джулмуханбетова, «Ұқыпты» номинациясына «Золотой ключик» б/б тәрбиешісі А.Жумабаева ие болды. Сондай-ақ қатысушыларға сертификаттар да табыс етілді. Колледждің ұйымдастырған іс-шараларына әрқашанда қолдау көрсететін әлеуметтік серіктестеріміз, балабақша меңгерушілеріне алғысымыз шексіз, әлі де байланысымыз жалғасын табады деп сенеміз.


Бақытира НҰРҒАЗИЕВА,
Н.Құлжанова атындағы
Торғай гуманитарлық колледжі
директордың оқу өндірістік жұмысы
жөніндегі орынбасары,
Арқалық қаласы

Реклама

Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.