Ұлыс мерекесін ұлықтау

Выпуск - №13 (460)   :   04.04.2021
508

Барлық санитарлық талаптар мейлінше қатаң сақтала отырып, Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінде Наурыз мейрамы тойланды. Мерекелік шара «Зияткерлік күн» шеңберінде өткізілді.

Еліміздегі жағдайға байланысты барлық іс-шараларды онлайн режимде өткізу қолға алынды. Дегенмен ұлттық ерекшелігімізді айшықтайтын Наурыз мерекесінің өз деңгейінде тойлану керектігіне ешкім шүбә келтірмес. Ұлтымыздың ықылым заманнан қалыптасқан халықтық педагогикасына балалардың ешқандай мектепсіз-ақ, ақыл-ойын, зияткерлік қабілеттерін, дене тәрбиесі мен тәртібін, ізеттілігі мен адамгершілігін қалыптастырып, білімін дамытқан. Осы замандарда қалыптасқан әке мен ана, ата мен әже мектептері қазіргі заманауи мектептерді толық алмастыра білді. Өскелең ұрпақты саламатты өмір салтына баулып, интеллектуалды ұлт қалыптастырып, осы бағытты келешектің темірқазығына айналдыру бүгінгі күннің негізгі мәселелерінің бірі.



Наурыз мерекесін «Зияткерлік күн» бағытында тойлау осы мақсаттарды негізге алады. Қазақ халқының төл зияткелік ойындарының арасында шоқтығы биігі – тоғызқұмалақ ойыны. Ұлы кемеңгер Абай Құнанбайұлының өзі бұл ойынды үлкен қызығушылықпен ойнаған екен. Тоғызқұмалақ ақыл-ойды дамытатын, адамның қабілетін арттырып, ми қызметін жетілдіретін зияткерлік ойын. Сондай-ақ ол – әлемдік мәдениетінің озық үлгілерімен бой теңестіре алатын интеллектуалдық ойын, логикалық ойлау өнері. Мереке барысында ұлттық зияткерлік ойындарға басымдылық танытылды.



Бала ойын дамытуға бағытталған жаңылтпаштар сайысы, мақалды жалғастыр, жұмбақтар шешу логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған кешенді шаралар орын алды. Колледж қабырғасындағы ұйымдастырылған Наурыз мерекесіне қатысушылардың өзара ой-өрісімен қатар сөздік қорын, сөз сараптау қабілетін байқау мақсатында «Айтыс» өнеріне де жол берілді. Шара барасында барлық оқытушылар мен білім алушылар сахналанған шараларға қатысты.

Ақ әжелеріміз шашуын шашып, наурыз көжесімен ұлыс мерекесін қарсы алса, балалар мен жастарымыз ұлттық ойындар ойнап, қара жорға биін нақышына келтіре орындады. 7 түрлі дәннен наурыз көже пісіріліп, барлық қатысушыларға жеті түрлі дәм ұсынылды. Ынтымағы жарасқан мереке иелеріне Қыдыр ата қонаққа келіп, ақ батасын берді. Шара өз мақсатына толық жетті.



Басты мақсат – еліміздің ұлы мерекесін ұлықтау, ұлтымыздың кеңпейілділігі мен қонақжайлығын, меймандос халықтығымызды жастарға насихаттау. Қатысушы білім алушылармен қатар оқытушылар да үлкен әсерде тарасты. Ұлыс ынтымақтың мерекесі екеніне колледж қабырғасында атап өтілген осы шағын думан тағы да көзімізді жеткізді. Бір-біріне молшылық пен жақсылық тілеген қалың көпшіліктің бір-біріне деген шынайы ізгі көзқарасы ынтымақ пен достықтың көзқарасы екенінде сөз жоқ. Еліміздің берекесі мен ынтымағы жасай берсін.

Гүлхашима ОРАЗОВА,
Н.Құлжанова атындағы
Торғай гуманитарлық
колледжінің әдіскері,
Арқалық қаласы

 

ГЛАВНЫЕ НОВОСТИ

Путь, заданный великим учителем

Вчера в 14:44

Патриотическое воспитание

Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия

Вчера в 14:40

Профессиональное содружество

Эффективное взаимодействие педагогов и родителей

Вчера в 14:36

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

История первого детского сада Лисаковска

Вчера в 14:33

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

Актуально

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.