Мәуелі таңның бозала кейпі ашық, тынық, ерекше мөлдір. Көкшіл аспан кекшіл тұманмен таласқан осындай бір мезетте уақыттың өзі балаң арманның бір бүйірінен соққандай көрінеді. «Кісідегінің кілті аспанда» демекші, кейде бір үміт бір күдікке байланып, адамды белгісіз бір жолға жетелейді.
«Жолаушы шығып өлмейді ақын, Жоқ қарап жүріп өледі ол», – дейді Есенғали Раушанов. Мен тілге тиек етіп отырған тұлға да сол бір өлкеден түлеген жан. Қостанайға бастар тоқсан тараулы жолдың бір арнасы тоғысқан осы мекеннен оның өмірлік бағыты басталғандай.
Жетім тағдырдың шетінен ұстап, балаң ғұмырдың салмағын ерте сезінген жанның Ахмет туған өлкеден өз өмірлік бағытын табуы – шырағының жанғаны болар.
Әйел болмысы сан түрлі сын мен сан түрлі сезімнен өтіп, уақыт өте қалыптасатыны ақиқат. Алайда сол болмысты даралайтын бір қасиет бар. Ол – адамгершілік.
«Әр адамның бойында, әсіресе әйел затына тән бір ғана мінез болса, ерекше үйлесім береді. Ол – адамгершілік. Нақтырақ айтқанда, қоғамнан іздегенде табыла бермейтін асыл қасиет.
Осынау жауһар болмыстық үйлесім Гүлшат Төлеуқызының бойынан менмұндалайды. Оның шәкіртке беретін тәлімі мен тәрбиесі, жас буынның мамандығының кәсіби шебері болуына деген ұмтылысы – ізгілікке үндейді.
Қара шаңырақ – Ахмет Байтұрсынұлы атындағы университетте қазақ журналистикасының іргетасын кешегі Байтұрсын Ілияс, Нағашыбай Мұқатовтар қаласа, сол дәстүрді бұзбай, саф қалпында сақтап келе жатқан кәнігі маман, білгір оқытушы – Гүлшат Төлеуқызы Марқабаева», – дейді Бибіт Мирамұлы.
Бұл сөзге іштей иланасың. Шынымен де, алыстан келген абитуриенттің есінде қалатын ұстаздың болмысы оның кәсіби білімімен ғана өлшенбейді. Оның адамға қарайтын көзқарасы, сөйлеген сөзі, қарапайым қарым-қатынасы да көңілде қалады.
Алғаш келген мені де аналық мейіріммен баулыған осы кісінің кішіпейілдігін айтпай өту мүмкін емес. Бейтаныс қала. Бейтаныс орта. Алдыңда – жаңа мамандық, жаңа адамдар, жаңа өмір. Осындай сәтте бір ауыз жылы сөздің өзі адамға үлкен демеу болатынын кейін түсінесің.
Талай шәкірттің жанарынан үміт отын байқау оңай емес. Ал байқалған сол сәулені өшіріп алмай, керісінше, оның жолын айқындау – одан да қиын.
Жат қалада жалғызсыраған балауса жанға бағыт көрсету, керек жерде сынау, керек жерде демеу болу – ұстаздың кәсіби міндетінен әлдеқайда биік жауапкершілік. Бұл – адамды адам ретінде түсіне білуден туатын қасиет.
Осы орайда Алма Қыраубаеваның: «Мұғалім – тергеуші емес, үйретуші; тәртіпке салушы емес, рухани өсіруші», – деген сөзі ойға оралады.
Дәл осы болмыс Гүлшат Марқабаеваның ұстаздық тұлғасынан анық байқалады. Ол кісіден рухани білім алған кез келген студент бұл сөзді қуаттайтыны хақ.
Үміт сәулесін өшірмеуге тырысқан ұстаздың шәкірті көп. Бірақ әр шәкірттің сол жарықты өмір бойы алып жүруі міндетті емес. Кейде адам өзінің таңдаған жолынан жаңылады. Кейде бағыт көрсеткен жанның сөзін уақыт өте барып түсінеді. Ал шам жарығына қарай жол сілтеу – білім иесінің ғана емес, адам жанына үңіле алатын ұстаздың қасиеті.
Өйткені үміт пен қиялға толы, шым-шытырық әлемде бір ғана ұшқынды өшірмей сақтау – оңай шаруа емес. Біреуге бағыт-бағдар беріп, біреудің бойындағы жарықты байқап, оны сөндірмей алып жүруге себеп болу – шырақшыға тән шыдам мен жауапкершілікті қажет етеді.
Сондықтан «Шырақшы» деген атау мен үшін жай ғана бейнелі сөз емес. Ол – өзгенің жолын жарық қылатын адам. Гүлшат Төлеуқызының ұстаздық болмысын ойласам, осы сөз еріксіз еске түседі. Иә, бұл – сол бір ақын қыздың шам жарығында тоғысқан ой орамы ғана.
Бірсыпыра ойдың жүйесін осылай тәмамдаған жөн шығар. Кейбір адамдар өміріңе ұзақ уақытқа қалу үшін емес, жолыңның қараңғы бір тұсында шырақ жағу үшін келеді. Ал сол шырақтың жарығы кейде адамның бүкіл ғұмырына жетеді.
Нұрай НҰРБОЛАТҚЫЗЫ
«У страны с сильной прессой – большое будущее», – сказал Мыржакып Дулатов. Действительно, роль СМИ на пути роста сильного общества велика. С каждым годом становится всё больше и больше грамотных читателей со своим видением и потребностями. И это радует. Издание «Учительская плюс», вестник сферы образования нашего региона, заряжает педагогов творческим вдохновением. На протяжении нескольких лет в этой газете публиковались мои статьи, написанные с целью популяризации имён и достижений талантливых учителей и студентов Рудненского социально-гуманитарного колледжа им. И.Алтынсарина. В последние годы я начала писать небольшие произведения. И именно «Учительская плюс» впервые представила мои рассказы. Для меня это издание занимает особое место. Верю, что и в дальнейшем газета «Учительская плюс» со сформированной читательской средой продолжит процесс духовной поддержки творческих и талантливых педагогов.
Нам есть, о чём рассказать и самое главное – есть, где это опубликовать. «Учительскую плюс» читает не только Тогузакская школа, но и школы района, области, и поэтому наш опыт, успехи становятся известны коллегам, руководству образования. И, конечно же, нам интересно, что творится в других школах: методические новинки, необычные мероприятия. Я выписываю газету и публикуюсь в ней очень давно, потому что это важно, нужно не только для меня, но и для всего нашего коллектива. Да и вообще, нам нравится ваша газета, нравится то, что вы публикуете всё то, что актуально для учителей.