Үмітті ақтаған үздіктер

Выпуск - №3(450)   :   27.01.2021
425

Өткен жыл адамзат үшін ең ауыр кезеңдердің бірі болғаны сөзсіз. Құлақ естіп, көз көрмеген індеттің салдарынан әлемдік шаралар мен жобалар кейінге шегеріліп, жоспарланған уақытында болмай қалды, білім саласы да өзгеріске ұшырады.


Колледж жастарының «Алтын кітабына» енгізілген үздіктер

Десе де, бірлесе барлық қиындықтарды еңсеріп келеміз. Қашықтан білім беру технологиялары колледждің оқу процесіне сәтті интеграцияланды. Студенттер тек онлайн оқып, емтихан тапсырып қана қоймай, түрлі іс-шараларға да қатысты. Жыл қорытындысы бойынша олар білім ордамыздың абыройын асқақтатты. Оларға жеке-жеке тоқталып өткен ләзім.

«Bilim-orkenieti» ұлттық ғылыми-инновациялық орталығының басшылығымен Республикалық «Жылдың үздік ұстазы-2020» атты байқау ұйымдастырылған-тын. Байқау педагогтердің инновациялық әлеуетін нығайту, зерттеушілік қабілеттерін дамыта отырып, тәжірибе алмасу мақсатын көздеді. Оған республикамыздың білім беру ұйымдарынан 400-ге жуық жұмыс ұсынылған, жұмыстардың ішінен талапқа сай болған 182 жұмыс кітап-жинаққа енгізілді. Үздік деп танылған байқау жеңімпаздарының бірегейі – Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің оқытушысы Ниязбек Оразов. Іс-шара нәтижесі бойынша әріптесіміз жеңіс тұғырынан көрініп, І дәрежелі диплом және алтын төсбелгіге ие болды.

– Жобаның жүзеге асуы ұстаздар қауымына ерекше серпін берді. Қазақ қоғамының қайраткерлері Е.Әбіл, А.Макышева, А.Сатылғанов сынды ұлт зиялыларының қолынан марапат алу біз үшін үлкен мәртебе. Көшбасшы жастарымыз болашақта ол кісілер артқан сенімді ақтап, ел мүддесі үшін адал қызмет ететініне сенімім мол, – дейді марапат иесі Ниязбек Рамазанұлы.

Білім алушы студенттеріміз 2020 жылдың оқу ордамыз үшін «жемісті жыл» болғандығын тағы бір мәрте дәлелдеді. Нақтырақ айтар болсақ, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы қыркүйектің 14-індегі жарлығы бойынша «Халық алғысы» медалімен ел сенімін ақтаған колледжіміздің БМ-31 тобының студенті Айзат Сәтбай, МД-31 тобының студенті Әсел Шименбаева марапатталды.


Белсенді жастарды колледж директоры Сандуғаш Алматова марапаттады

Жас буын өкілдерінің қабілеттерінің, мүмкіндігінің ашылуына жағдай туғызып жүрген колледжіміздің жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Ниязбек Оразовтың тағы бір елеулі жетістігімен қуантқанын айтпай өтуге болмас. Ол белсенді азаматтық ұстанымы және қайырымдылық қызметі үшін «Ең үздік волонтер-2020» аталымына ие болды. «Еріктілер жылы» аясында волонтерлық қызметті жүзеге асырып, белсенді азаматтық ұстанымы мен шынайы патриотизмді көрсете білгені үшін Арқалық қаласының әкімі Қайрат Әбішев талантты жас, білім ордамыздың БМ-22 тобының студенті Мөлдір Қабиге Алғыс хат табыстады.

Білім ордасынындағы үздіктерді анықтайтын колледж жастарының «Алтын кітап» иегерлерін марапаттау мақсатында арнайы салтанатты кеш өтті. «Алтын кітапқа» енген ескірмес есімдер – түрлі додаларда топ жарып жүрген таудай таланттар, абыройы асқақ азаматшалар. «Алтын кітап» иегерлеріне және қонақтарға арналған алқалы жиында елімізде орын алып жатқан індетке байланысты барлық сақтық шаралары қатаң сақталды. Өзгеге ұқсамайтын, өзіндік айтары бар бірден-бір басылым Арқалық қаласының «Алтын кітабына» «Мәдениет және өнер» аталымы бойынша Гүлнұр Сардарова, еңбегі еленген Манас Сейтқұл, Айым Бертағина, Гүлбағдат Мұңлыхан, Аягөз Кәкімжан, Мөлдір Қаби, Ұлпан Сапар, Диана Ахметжан енгізілді. Жыл сайын бұл бастама жалғасын тауып, өрендердің қатары толыға берсін деп тілейміз. Біліммен қаруланған, бәсекеге қабілетті жастарға артар сенім мол.


Сандуғаш АЛМАТОВА,
Н.Құлжанова атындағы
Торғай гуманитарлық
колледжінің директоры,
Арқалық қаласы

 

Реклама

Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.