Ұрпаққа өшпес із қалдырған

Выпуск - №48(596)   :   23.12.2023
588

Қостанай жоғары педагогикалық колледжінде филология кафедрасының апталығы аясында ұстаз, ақын Василий Амельянович Шалабаевтың шығармашылығына арналған «Өшпес із қалдыру» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті.

Сайысқа 1-курстың 13 студенті қатысып, Василий Амельяновичтің өлеңдерін нақышына келтіре оқыды. Атап айтқанда, РХК-11 тобының студенті Виктория Шулика «Мой друг», Ик-11 тобының студенті Медина Исмагамбетова «Тимуру внуку», Ир-11 тобының студенті Куандык Кайырбек «Американскому парню» атты өлеңдерді мәнерлеп оқып, жүлделі орындарға ие болды. Сонымен қатар сахнада автордың «Абайға», «Қазағыма қалқыма», «Райханға», «Өмір өзені» атты өлеңдері де көрермен көзайымы болды. Сайыс барысында студенттердің дарынын шынайы әрі әділ бағалауға В.Шалабаевтың балалары мен Қостанай жоғары педагогикалық колледжі қамқоршылық кеңесінің төрайымы Кәрімова Сәуле Елеусізқызы, филология кафедрасының оқытушысы Құдиярбекова Айгүл Мақсұтқызы атсалысты.

Василий Амельянович Шалабаев 1934 жылы Түмен облысының Криволуск ауылында көшпелі шаруа отбасында дүниеге келген. Ата-анасы Қостанай облысы Урицкий ауданынан шыққан. В.А. Шалабаев орта білімді соғыс жылдарында алған. 1959 жылы Петропавл педагогикалық институтын бітіргеннен кейін, Омбы облысының Түмен жеті жылдық мектебінде, ал 60-жылдардың басынан бастап Қостанай облысының мектептерінде орыс тілі, әдебиеті мен тарихынан сабақ берген. Василий Амельянович Шалабаев ең алдымен ұлағатты ұстаз болатын. Бүкіл саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған ол әрбір шәкіртіне ерекше сүйіспеншілікпен, ерекше үмітпен, ерекше сеніммен қарайтын, оны оқушылары терең білімі, даналығы, адамгершілігі үшін жақсы көрді. Василий Амельянович Шалабаев Докучаев орта мектебінің директоры болған. Сонымен қатар, ол Урицкий және Обаған аудандарының мектептерінде педагогикалық ұжымдарды басқарды. Оның ұйымдастырушылық және педагогикалық талантының арқасында үш сегіз жылдық мектеп орта мектеп болып қайта құрылды. Тагил және Ленинград мектептері оның басшылығымен республикалық конкурстарда үлгілі мектеп атағын алды.

Халқына еңбегі сіңген ұлағатты ұстаздың өлеңдері болашақ ұрпаққа жақсы тәлім-тәрбие берері сөзсіз. Әрбір қатысушы, әрбір студент, қонақтар, оқытушылар ақын өлеңдерінен халқының нағыз патриот ұлының тұлғасын сезінді. В. А. Шалабаевтың ұрпақтары іс-шараны ұйымдастырған Қостанай жоғары педагогикалық колледжінің ұжымына ризашылықтарын білдіріп, әкелері туралы естеліктерімен бөлісті. 


Алтынгүл
ЖАРМҰХАМБЕТОВА,
Қостанай жоғары
педагогикалық колледжінің
филология кафедрасының
оқытушысы

 

Реклама

Благодаря профессионализму коллектива редакции и пониманию важности наших тем мы, педагоги, можем представить широкой аудитории региона самые актуальные материалы о своей работе, о достижениях коллег и успехах учащихся. Я считаю, что газета «Учительская плюс» играет ключевую роль в поддержке профессионального сообщества, в развитии образования Костанайской области. И горжусь тем, что могу внести свой вклад в это дело вместе с газетой.

«У страны с сильной прессой – большое будущее», – сказал Мыржакып Дулатов. Действительно, роль СМИ на пути роста сильного общества велика. С каждым годом становится всё больше и больше грамотных читателей со своим видением и потребностями. И это радует. Издание «Учительская плюс», вестник сферы образования нашего региона, заряжает педагогов творческим вдохновением. На протяжении нескольких лет в этой газете публиковались мои статьи, написанные с целью популяризации имён и достижений талантливых учителей и студентов Рудненского социально-гуманитарного колледжа им. И.Алтынсарина. В последние годы я начала писать небольшие произведения. И именно «Учительская плюс» впервые представила мои рассказы. Для меня это издание занимает особое место. Верю, что и в дальнейшем газета «Учительская плюс» со сформированной читательской средой продолжит процесс духовной поддержки творческих и талантливых педагогов.