Ұрпаққа өшпес мұра қалдырған

Выпуск - №14 (410)   :   02.04.2020
422

Қазақ халқының бас ақыны – Абай. Ғасырдан соң ғасыр алмасып отырса да, дара ақынның шығармалары арқылы жас ұрпақ тәрбиесі кемелдене түспек. Жуырда Арқалық политехникалық колледжінде әдеби байқау өтті.

Жастар комитетінің жетекшісі Алданыш Байжумина және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Самал Жиенбаеваның ұйымдастыруымен өткізілген шара Абайды сүйіп оқитын, арманы асқақ, көкірегі ояу, поэзияны сүйіп оқитын жастарымыздың айқын дәлелі болды. Мәдени шара барысында Абайдың балалық шағы жөнінде көрініс көрсетіліп, Абай әндері орындалды. Байқау бағдарламасы үш кезеңнен тұрды. Атап өтер болсақ, Абайдың өмір жолы мен шығармашылығы жөнінде сұрақтарға ұяшықтардан таңдау арқылы жауап беру; Абайдың өлеңдерін жатқа айтып беру (бұл жерде жатқа білетін өлең санының көптігіне басымдық берілді) және Абайдың қара сөздерін мәнерлеп, нақышына келтіріп оқу.

Осындай талаптарға сәйкес келген білім алушылар өз өнерлерін ортаға салды. Тағлымы мол әдеби байқау түріндегі мәдени іс-шараға колледж бойынша өз қалауларымен 6 білім алушы қатысты. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, ақын атамыздың шығармаларын орындауда ерекше дайындықпен келген білім алушылардың өнері қортындылана келіп, лайықты деген байқау жеңімпаздары анықталды. Нәтижесінде 1-орынды Ф-21 тобының студенті Эльмира Өмірзақ жеңіп алды. Ал 2-орынға ОП-17 тобының студенті Әлихан Төлеген лайық деп танылса, 3-тұғырға ОП-27 тобының студенті Ербол Серікбаев тұрақтады.

Байқауға қатысушыларға, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен дилом, Алғыс хаттар табыс етілді. Мағыналы іс-шаралар колледжімізде жалғасын таба бермек. Өлеңді сөздің патшасы санаған, ұлылығымен рухани, құнды шығармашылығы арқылы барлық әлемге ерекше жарық сәулесін түсірген Абай есімі ел есінде мәңгілік сақталады.


Бағила БАЛМАШЕВА,
Арқалық политехникалық
колледжінің қазақ тілі мен
әдебиеті пәнінің оқытушысы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.