Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінде жастар ісі жөніндегі комитетінің бастамасымен қазан айының алғашқы жексенбісінде атап өтілетін Мұғалімдер күні қарсаңында колледжде өзін-өзі басқару күні өтті.

Өзін-өзі басқарудың құндылығы осы арқылы студенттер колледж өміріне, колледждің ішкі саясатына, әкімшілік жұмыстарына, колледжішілік оқу және тәрбие үдерістеріне әсер ете отырып шешім қабылдауға ықпал етеді. Келер күнге сеніммен қарататын осындай игі де ізгілікті іс біздің ұжымымызда оң нәтижесін беруде. Білім ордамыздың ізгіліктендіру мен жариялылықтың жүзеге асқандығының нәтижелі белгісі әрі шәкірттеріміздің асыға күтетін күні – «Өзін-өзі басқару күні».
Комитет мүшелері бұл күні директордың, директор орынбасарларының және пән мұғалімдерінің орнына қызмет атқарды. Колледж президенті кезекті комитет мүшелерімен жиналыс үстінде пікір алысты. Жұмыс күні аяқталған соң дублерлер жиында бас қосып, ол жерде құттықтау сөз сөйлеп, марапаттау рәсімін өткізді. Білім алушылар жаңа рөлде қызық әсер бергенін атап өтті. Барлық студенттер өздеріне жүктелген міндеттерді лайықты орындап, әкімшілік қызметтің, ұстаздық барлық қиындығы мен артықшылығын сезіне білді.

Өмірдің өзі де мектеп және ұстаз. Бірақ осынау «ұстаз» сөзінің астарында мыңдаған білім мен ғылым, махаббат пен сүйіспеншілік жатқанын байқай бермейміз. Ұстаз болу кез келгеннің қолынан келе бермейді. Шәкірт тәрбиелеу, оны биікке жетелу, қанаттандыру, жаны мен тәнін, болмысы мен барын беру тек ұстаздың қолынан ғана келетін қасиеттер. Қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбектеріңізді ескере отырып, сіздерге өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстар және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріңізге толымды табыс тілеймін. Қызығы мен шыжығы қатар жүретін ұстаздық жолдарыңыз тек өрлеу мен өсуге бастасын.
Ниязбек ОРАЗОВ,
Н.Құлжанова атындағы
Торғай гуманитарлық колледжі
Жастар ісі жөніндегі
комитетінің төрағасы,
Арқалық қаласы
Областная образовательная газета «Учительская плюс» – это настоящая педагогическая копилка. В одном номере можно увидеть работу самых разных учителей со всей области, разные направления, почерпнуть ценный опыт. Можно, конечно, что-то и в соцсетях прочитать, но там надо искать, заходить к каждому на страничку отдельно, а газету открываешь – и всё костанайское образование перед тобой, вся наша учительская жизнь. Я с удовольствием рассказываю о своей работе, о своих методах, об успехах моих воспитанников. Газета помогает мне делиться своими идеями и вдохновляться работами коллег.
Думаю, что безо всякой агитации каждый учитель, воспитатель, психолог должен иметь газету «Учительская плюс». Как без неё узнавать, как работают ваши коллеги, что нового в методике преподавания, поделиться своим опытом?
В своё время, будучи завучем средней школы, я обобщала лучший опыт учителей своей школы, знакомила их опытом работы других, и вообще не представляю педагога без настольной газеты «Учительская плюс» и своего предметного журнала, откуда черпаешь все новинки методической работы.
Поэтому совет вам, дорогие молодые коллеги: не опоздайте выписать, не останьтесь без профессиональной помощи газеты «Учительская плюс»!