Ұстаздар күніне орай Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінде Жастар ісі жөніндегі комитетінің ұйымдастыруымен ерекше форматтағы «Өзін-өзі басқару күні» өткізілді.
Шараның басты мақсаты – студенттердің көшбасшылық қабілеттерін дамыту, жауапкершілік сезімін арттыру, ұйымшылдыққа тәрбиелеу және ұстаз еңбегіне деген құрметін көрсету. Өзін-өзі басқару күні барысында студенттерге түрлі міндеттер жүктеліп, олар өздеріне сеніп тапсырылған жұмыстарды жоғары деңгейде атқарып шықты. Студенттер оқу үдерісіне белсенді қатысып, ұйымдастырушылық қабілеттерін көрсетіп, ұстаздармен бірлесе жұмыс жасаудың маңыздылығын сезінді.
Мерекелік күн колледж табалдырығынан басталды. Таңертең студенттер ұстаздарды колледждің кіре берісінен ерекше форматта қарсы алып, оларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Жылы лебіздер мен ізгі тілектер айтылып, ұстаздарға деген шынайы құрмет көрсетілді. Бұл күн студенттер үшін де, ұстаздар үшін де ерекше әсерлі сәттерге толы болды. Өзін-өзі басқару арқылы жастар жауапкершіліктің қаншалықты маңызды екенін түсініп, өз қабілеттерін жаңа қырынан таныта білді.
Ұстаз – шәкіртке білім беріп қана қоймай, оның тұлға болып қалыптасуына жол көрсететін ұлы мамандық иесі. Сондықтан ұстаз еңбегін бағалау, құрмет көрсету – әрбір шәкірттің парызы. Шара соңында белсенділік танытып, өзін-өзі басқару күнін жоғары деңгейде өткізуге атсалысқан барлық студенттерге алғыс білдірілді. Ұстазға құрмет – білімге құрмет. Ал білімді ұрпақ – елдің жарқын болашағы!
Ниязбек ОРАЗОВ,
Н.Құлжанова атындағы
Торғай гуманитарлық колледжі
Жастар ісі жөніндегі
комитетінің төрағасы,
Арқалық қаласы
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.
Благодаря профессионализму коллектива редакции и пониманию важности наших тем мы, педагоги, можем представить широкой аудитории региона самые актуальные материалы о своей работе, о достижениях коллег и успехах учащихся. Я считаю, что газета «Учительская плюс» играет ключевую роль в поддержке профессионального сообщества, в развитии образования Костанайской области. И горжусь тем, что могу внести свой вклад в это дело вместе с газетой.