Учительская плюс

Областная еженедельная общественная информационно-образовательная газета
Календарь
24/08/26 Понедельник

Жаңа басшы – жаңа жоспарлар

Выпуск - №48(596)   :   23.12.2023
585

Үстіміздегі жыл білім ордамыз үшін жағымды жаңалықтармен аяқталып жатыр. Колледжіміз күрделі жөндеу жұмыстарынан өтіп, жаңа оқу ғимаратына қадам бастық. Басшылық құрам да өзгеріссіз қалмады.

Алтыннан да қымбат асыл уақытты өз дегеніне бағындырып, жастайынан алдына қойған мақсат-мүдделерін артығымен орындап, ғибратты ісімен көш бастаған замандасымыз, 16 жыл бойы колледж өмірімен біте қайнасып, оқу ісі саласына өзіндік үлес қосқан Руслан Елікбайұлы басшылық мінберінен көрінді. Нақтырақ айтсақ, Қостанай облысы білім басқармасының басшысы Айман Ибраеваның 2023 жылғы қарашаның 13-індегі бұйрығына сәйкес, Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің директоры лауазымына тағайындалды.

Адамгершілік пен адалдық, білімділік пен еңбекқорлық, терең ойлылық пен қайраттылық, кісілік пен кішілік сияқты көркем мінездер бір бойынан табылатын тұлға туралы пайымды сөз айту оңай дүние емес. Жиырмадан асқан шағында оқу ісінің меңгерушісі атанған белсенді жас болдым-толдым деген пендешілікке ұрынбады. Қайта өзін-өзі қамшылай түсті. Қызметі де өсті. Біз «Ұлық болсаң, кішік бол» деген халықпыз. Жүздеген адам қызмет атқарып, мыңдаған студент білім алатын іргелі оқу орнының басшылығына ұсынылып отырған Руслан Елікбайұлын өмір белесінде азамат ретінде де, басшы ретінде де бір кісідей танитыным рас.

Ашығын айтсам, маған тектіліктен тамыр тартқан мәдени-имандылық қасиеттері ерекше сезіледі. Сөйлесе қалса, үлкеннің де, кішінің де тілін таба алатын ізгілік иесі. Білім қуған жастарға қамқорлығы ұшан-теңіз. Тіпті, әрбір білім алушының аты-жөнін біледі ме деп те қаламын. Осыдан бірнеше жыл бұрын колледжді тәмамдап кеткендердің атын атап, түсін түстеп, тағдыры мен жетістігін айтып, масаттанып отыратын сәттерін де көргенбіз. Арасында солармен бірге түскен фотосуреттерін қолға алып, толқи сөйлеп кететінін қайтесің! Адамдық таза болмыс пен шынайы асыл қасиет деген осы болар.

Бойындағы бар күш-жігерін, білімі мен білігін үлкен ұжымның, білім мен ғылымның игілігіне жұмсап келе жатқан айтулы тұлғаға қандай жылы лебіз арнасаң да жарасады. Осы орайда Руслан Елікбайұлын жаңа қызметімен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа жұмыс әрқашан қиын, әрқашан үлкен жауапкершілік пен тәжірибе, бірақ сонымен қатар бұл жаңа эмоциялар мен мүмкіндіктерге толы өмір атты кітаптың жаңа парағы. Бұл кезең жағымды жаңалықтарға толы болуын тілей отырып, жаңа жұмысыңызға сәттілік серік болсын дейміз!


Ниязбек ОРАЗОВ,
Н.Құлжанова атындағы
Торғай гуманитарлық колледжі
Жастар ісі жөніндегі
комитетінің төрағасы,
Арқалық қаласы

Реклама

Областная образовательная газета «Учительская плюс» – это настоящая педагогическая копилка. В одном номере можно увидеть работу самых разных учителей со всей области, разные направления, почерпнуть ценный опыт. Можно, конечно, что-то и в соцсетях прочитать, но там надо искать, заходить к каждому на страничку отдельно, а газету открываешь – и всё костанайское образование перед тобой, вся наша учительская жизнь. Я с удовольствием рассказываю о своей работе, о своих методах, об успехах моих воспитанников. Газета помогает мне делиться своими идеями и вдохновляться работами коллег.

Думаю, что безо всякой агитации каждый учитель, воспитатель, психолог должен иметь газету «Учительская плюс». Как без неё узнавать, как работают ваши коллеги, что нового в методике преподавания, поделиться своим опытом?
В своё время, будучи завучем средней школы, я обобщала лучший опыт учителей своей школы, знакомила их опытом работы других, и вообще не представляю педагога без настольной газеты «Учительская плюс» и своего предметного журнала, откуда черпаешь все новинки методической работы.
Поэтому совет вам, дорогие молодые коллеги: не опоздайте выписать, не останьтесь без профессиональной помощи газеты «Учительская плюс»!