Жаңа орта, жаңа достар, жаңа мүмкіндіктер

Выпуск - №35(731)   :   11.09.2026
402

1

Арқалық қаласындағы Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінде жаңа оқу жылында бірінші курс студенттерінің колледж өміріне бейімделуіне бағытталған таныстыру экскурсиясы ұйымдастырылды.

2

Іс-шараның жас білім алушыларды колледждің тыныс-тіршілігімен жақынырақ таныстырып, оқу орнының құрылымы, оқу кабинеттері мен әкімшілік құрамы туралы мағлұмат беруді көздеді. Сол арқылы студенттердің жаңа ортаға тез әрі сенімді бейімделуіне қолайлы жағдай жасалды. Экскурсия барысында бірінші курстың білім алушылары колледждің негізгі бөлімдері мен оқу кабинеттерін аралап, олардың қызметімен танысты. Оларға оқу ордасындағы студенттер үшін жасалған мүмкіндіктер, көрсетілетін әлеуметтік-психологиялық қолдау, колледждің ішкі тәртібі және оқу үдерісіне қатысты маңызды ақпараттар түсіндірілді.

3


Мұндай таныстыру жұмыстары колледж табалдырығын енді ғана аттап жатқан студенттердің жаңа ортаға деген сенімін арттырып, колледж ұжымымен жақынырақ араласуына, оқу орнының мүмкіндіктерін тиімді пайдалануына және студенттік өмірге белсенді араласуына ықпал етеді. Яғни, колледжді жан-жақты танып-білу – табысты бейімделудің маңызды алғышарты. Таныстыру экскурсиясын психолог Айнұр Бақытқызы мен әлеуметтік педагог Айдана Асқарқызымен бірге ұйымдастырып, студенттерге қажетті ақпараттармен бөлісіп өттік. Мамандар білім алушылардың сұрақтарына жауап беріп, колледж қабырғасындағы оқу мен қоғамдық өмірге қатысты маңызды кеңестерін ұсынды.

4


Бірінші курс – әрбір жас үшін жаңа ортаға бейімделу, жаңа достар табу, қабілеттерін таныту және үлкен мүмкіндіктерге жол ашатын ерекше кезең. Осы орайда колледж ұжымы жас білім алушылардың сапалы білім алып, қоғамдық өмірге белсенді араласуына, студенттік жылдарын мазмұнды өткізуіне жан-жақты қолдау көрсетуге дайын. Өмірінің жаңа парағын ашқан бірінші курс студенттеріне жаңа оқу жылында сәттілік, сапалы білім, белсенді студенттік өмір және толағай жетістіктер тілейміз!

Ниязбек ОРАЗОВ,
Н.Құлжанова атындағы
Торғай гуманитарлық
колледжінің жастар ісі жөніндегі
комитетінің төрағасы,
Арқалық қаласы

Реклама

Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.