Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінде Жастар ісі жөніндегі комитеттің ұйымдастыруымен «Студенттік қатарға қабылдау – 2026» атты мерекелік кеш жоғары деңгейде өткізілді.
Салтанатты кешті Жастар ісі жөніндегі комитеттің төрағасы ретінде құттықтау сөзбен ашып, үлкен өмірге алғашқы қадамдарын студенттік өмірмен байланыстырып отырған жас буынға ақжарма тілегімді арнадым. Жастарға білім жолында табандылық, жарқын болашақ тілеп, студенттік шақтың әр сәтін бағалай білу қажеттігін жеткіздім. Мерекелік кештің шырайын келтірген өнерпаздар күмбірлете күй шертіп, мың бұрала би биледі. Сонымен қатар ұстаздар мен студенттер әуелете ән шырқап, кештің көркін қыздыра түсті.
Әсем әуен мен көтеріңкі көңіл-күйге толы кеш қатысушыларға ерекше әсер сыйлап, студенттік өмірдің қызықты сәттерін айшықтады. Бұл кеш – жаңа достықтың бастамасы, үлкен өмірге жасалған алғашқы қадамдардың бірі және колледждің біртұтас студенттік ортасына қосылудың жарқын белгісі. Кеш барысында колледж директорының атынан белсенділік танытып, қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысып жүрген студенттер марапатталып, олардың еңбегі мен бастамаларына лайықты құрмет көрсетілді. Жаңа толқынның студенттік шағы қызықты естеліктер мен толағай табысқа толы болсын.
Ниязбек ОРАЗОВ,
Н.Құлжанова атындағы
Торғай гуманитарлық колледжі
Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы,
Арқалық қаласы
Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.