Жаңа жылдың сыйқырлы әуені

Выпуск - №1-2(549-550)   :   19.01.2023
709

Кішкентай бөбектер ғана емес, үлкен адамдар да Жаңа жылдан ерекше таңғажайып күтетіні анық. Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінде «Жаңа жылдың сыйқырлы әндері» айдарымен мерекелік кеш өтті.

Бұл мерекенің сыйқыры бәрімізді бала кезімізден өзіне баурады. Ертеңгі күнге үміт артып, тек жағымды жаңалық күтіп, бар жақсылық алдымызда күтіп тұрғанына сенімді арттырған мереке өз қызықтарымен желтоқсанның 20-сынан бастап, барша адамзат баласына есігін айқара ашты. Шара ережесі бойынша «Жаңа жылдық әндерді сахналау» тапсырылды. Конкурсқа қатысушылар бір жаңа жылдық және қыс туралы әнді (екеуінің біреуін таңдап) сахналай отырып, көрініс бейнебаян сияқты ұсынуы сұралды. Байқауға қатысуға 7 топ ниет білдірді. Шарада колледж директоры С.Алматова барлық қатысушылар мен оқытушыларға жаңа жылдық тілегін жолдады.

Байқауға қатысушы барлық топтар ерекше дайындықпен келген. Әнді сахналауға костюмдер мен декорация, қажетті реквизиттер, жаңа жылдық атрибутикалар – барлығы қарастырылған. Әр қойылымның өзіндік даралығы ескерген. Қараңғыда жанатын киімдерді балалар өз қолдарымен құрастырған. Және ерекше жарықтық эффект беретін материалдардан тігілген киімдермен өнер көрсетіп, өз қойылымдарын жаңаша ашу жолын қарастырған. Қойылымдар мен костюмдерге қарап отырып, адам қиялында шек жоқ екендігіне көзіміз жетті.

Байқау нәтижесі бойынша: 1-орын – БМ-11, БМ-31 топтары; 2-орын – БМ-21, БМ-23 топтары; 3-орын – БМ-12, МД-12, ДМ-11 топтары иеленді. Жаңа жылдық шара би кешіне ұласты. Балаларға үлкен көңіл-күй сыйлаған мереке балалардың есінде келесі жаңа жылға дейін сақталатын әсер қалдырды. Жаңа жылда әр білім алушының асқақ арманы орындалсын.


Гүлхашима ОРАЗОВА,
Н.Құлжанова атындағы
Торғай гуманитарлық
колледжі директорының
тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары,
Арқалық қаласы

Реклама

Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.