Күні кеше күздің алғашқы күнімен қатар келген Білім күні Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжімізде де салтанатты түрде аталып өтті. Еліміздегі барлық білім ордалары есіктерін айқара ашып, білім алушыларын ерекше қуанышпен қарсы алуда.

Бұл күн колледж студенттері үшін алғашқы студент атанған толқынысқа толы күн болса, енді бірі үшін аяулы ұстаздарымен қауышу, ал өзгелер үшін сағыныса кездескен достардың басын біріктіре отырып білімге жетелейтін күн. Білімі биік шыңдарды бағындыратын оқу орнымызға биылғы жылы 162 білімалушыға көбейіп, 9 топқа топтастырылды.
Алғашқы болып қызыл кілем үстімен шеруді БМ-11 тобын топ жетекшісі Салтанат Оралбаева және БМ-12 тобын топ жетекшісі Гулбахрам Сейдагазина, МД-11 тобын топ жетекшісі Зайгуль Хасенова, МД-12 тобын топ жетекшісі Толқын Аубакирова, МД-13 тобын топ жетекшісі Ақжарқын Насрединова, МД-14 тобын топ жетекшісі Динара Білісбекова, ДМ-11 тобын топ жетекшісі Бағдат Мухамеджанов, ДМ-12 тобын топ жетекшісі Ернур Бултриков, музыка бөлімінің 1-курс студенттерін топ жетекшісі Гульдана Беккожина бастап келді.
Салтанатты жиынды әнұранымызбен бастай отырып, алғашқы құттықтау сөз колледж директоры Сандуғаш Орекенқызына беріліп, іс-шара әдемі жылы лебізбен басталды. Балаларының білімін біздің колледжге сеніп тапсырған ата-аналарымыз үшін де мейрам екені сөзсіз. Осы орайда колледж табалдырығын аттаған білім алушыларымызға өз лебізін білдіру үшін ата-аналар атынан құттықтау сөз кезегі Эльмира Дузелбаевнаға да беріліп, ол кісі өз сөзінде аналық ақ тілегін, ақ батасын бере білді. Салтанатты шара барысында «Студент әліппесі» табысталды. Колледжіміздің жастар ұйымы білім алушылардың көшбасшылық қасиеттерін, дарынын алға тарту мақсатында біршама жұмыс жасаса, 22 түрлі үйірмелер білім алушылардың жан-жақты қабілеттерін, икемділіктерін одан әрі дамытуда біршама жұмыстар атқарады.

Сол үйірмелердің бірі – «Нәзипа ізбасарлары» үйірмесі білім алушыларды әдеби сөйлеуге, көркемдікке үйрете отырып, қабілеттерін анықтап, өздігінен білім алуға құштарлықтарын дамыта отырып, эстетикалық, этикалық тұрғада қалыптастыра біледі. Салтанатты шара соңында оқытушылар қауымы мен білім алушылар ҚР Президентінің халыққа Жолдауын мұқият тыңдап, тарқасты. Біз жастарымыздың әрқайсысымен мақтанамыз. Және биылғы жаңа оқу жылында енді ғана колледж табалдырығын аттап отырған барша білім алушыларға сәттілік тілей отырып, білімді маман иесі болуларын тіледік.
Луиза АҚЫЛБЕКОВА,
Н.Құлжанова атындағы
Торғай гуманитарлық
колледжінің арнайы
пәндердің оқытушысы,
Арқалық қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.