Арқалық қаласындағы «Қазақ жасөспірімдер театрында» Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің 1-курс білім алушыларына арналған «Кел төрлет!» тақырыбында студенттер қатарына қабылдау кеші болып өтті.
Адам өмірінің көктемі – жастық шақ болса, сол жастық шақтың ең қызықты сәті – студенттік кезең десем артық айтпаған болар едім. Бірінші курс білім алушыларына арналған кештің басты мақсаты – студенттерімізге біздің колледжді таңдағандары үшін алғыс білдіре отырып, студент мәртебесін сезіндіру. Колледж табалдырығын аттаған әрбір студент үшін бұл шараның маңызы зор. Осылайша білім алушыларға көрсетілген құрмет «студент» статусын сезінуге мүмкіндік берсе, шараның өздеріне арналуы олардың білім алуға деген ынтасына жаңа серпін берері хақ.
Колледж дегеніміз – білім ордасы ғана емес, баршамызды кәсіби біліктілікке самғатар алғашқы баспалдақ. Ол кәсібилік пен біліктің мекені, жастық шақтың таңғажайып әлемі. Шараға қонақ ретінде шақырылған 1-курс студенттері үшін сахнада колледжіміздің жоғарғы курс студенттері өнер көрсетті. Старосталар корпусы басқару жұмысын қабылдап алса, волонтерлер жасаған қайырымдылық акциялары мен үлгілі істерін насихаттап, 1-курс студенттерін қатарына қосылуға үндеді. Жайдарманшыларымыз болса әзіл шыны аралас таныстыруларын көрсетті. Колледж өнерпаздары әнін айтып, би билеп, өнерлерін ортаға салды.
Кеш барысында колледж директоры құттықтау сөз алып, үздік спортшыларымыз бен өнерпаз студенттерімізді марапаттады. Артынша 1-курс студенттеріне студенттік билеттері табысталып, артылған үмітті ақтауға деген уәделері алынды. Сондай-ақ кеште Қазақстанның түкпір-түкпірінде қызмет етіп жүрген колледж түлектерінің бейнежолдаулары тыңдалды. Бұл жолдаулар колледж қабырғасында жүрген бүгінгі студент, ертеңгі түлекке үлкен мотивация болғаны анық. Шара соңы барлық қысушыларға арналған мерекелік би кешіне ұласты. Колледжімізді таңдаған әрбір жасқа алғыс айтып, біздің шаңырақ «Бақыт мекені» болуы үшін бар күшімізді саламыз дегім келеді.
Гүлхашима ОРАЗОВА,
Н.Құлжанова атындағы
Торғай гуманитарлық колледжі
директорының тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары,
Арқалық қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.