Жанашыр жүректің жақсылығы

Выпуск - №42 (539)   :   28.10.2022
960

«Адам баласынан мейірім қашса, жер бетінен жақсылық қашады», – деген екен данышпан халқымыз. Адам өміріндегі ізгіліктің анық көрінісі – қайырымдылық болса керек.

Қайырымдылық – адамның айналасындағы жандарға деген ықыласы мен көмегін білдіретін, адамгершілік қасиетінің көрінісі болса керек. «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы», – деп әл-Фараби бабамыз айтқандай, халқымыз қашаннан ұрпағына қайырымдылықты жастайынан үйретіп, адамгершілік қасиеттерге баулуға ұмтылады.

Адамның шын мағынасында білімді болу үшін үш қасиет қажет: кең көлемді білім, ойлай білу қабілеті және қайырымдылық сезімі. Осы үш қасиетті бойына сіңірген «Бастауыш білім беру» мамандығының БМ-22 тобы білім алушылары топ жетекшісі Күлаш Абдилдинамен «Жанашыр жүрек» атты респубикалық, халықтық акциясы аясында қаламыздың тұрғындары – жалғыз басты апамызға, сонымен қатар көпбалалы отбасыға азық-түлікпен қолдау көрсетті.

Акция мұқтаж жандарға өтеусіз көмек көрсету арқылы әрбір қазақстандықтың бойында қайымдылық мәдинетін дамытуды көздейді. Қазіргі жастар тәрбиесінде жүректі ізгілендіру, нұрландыру арқылы адам жанына әсер ету үрдісін кеңінен қолдану бағытында қол жеткізген жақсылық ізгі істер көп болғай.


Айдана САПАРОВА,
Н.Құлжанова атындағы
Торғай гуманитарлық
колледжінің әлеуметтік
педагогі,
Арқалық қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.