«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі», – деген ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің сөзі білім мен тәрбие беру ісіндегі басты ұстаным болып қала бермек.
Бүгінгі таңда жас ұрпақ тәрбиесі – аса өзекті мәселе. Ғаламтор қарыштап дамып, әлеуметтік желілердің ақпары сан тарапқа жеткен заманда ұрпақ тәрбиесінің тізгінін берік ұстану – әрбір ата-ана мен ұстазға жүктелген ұлы міндет. Осы орайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы – ұрпақ тәрбиесін балабақшадан бастап жүйелеуге арналған кешенді құжат. Бұл бастама жас буынды әділ, еңбекқор, отансүйгіш әрі жауапкершілігі жоғары тұлға етіп қалыптастыруға жол ашады.
Аталған бағдарлама – Президенттің «Әділетті Қазақстан – Адал азамат – Озық ойлы ұлт» тұжырымдамасы мен Ұлттық құрылтайдағы бастамалары негізінде білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының өзегі ретінде қабылданған біртұтас жүйе. Еліміздің әрбір балабақшасы, мектебі мен колледжінде жүзеге асатын бұл бағдарлама – ел болашағына салынған инвестиция. Ұлттық құндылықтарды дәріптеу арқылы қоғамда әділдік пен бірлікті, еңбексүйгіштік пен жаңашылдықты орнықтыру – басты міндет. Осы орайда елімізге еселеп еңбек сіңірген ардақты тұлғалардың өмір жолын өскелең ұрпаққа өнеге ету – бүгінгі күннің талабы.
Жуырда Арқалық политехникалық колледжінде ұйымдастырылған «Жаны нәзік жаршысы ізгіліктің» атты кездесу кеші осының бір айғағындай. Аталмыш іс-шараға Арқалық қаласында жарты ғасырдан астам уақыт медицина саласында абыройлы қызмет еткен ардагер дәрігер Үміт Молдаш шақырылды. Кездесу кейіпкері жастарға еңбек еткен жылдарындағы, әсіресе ана мен бала өмірін сақтау жолындағы қиындық пен қызығы қатар жүрген естеліктерімен бөлісті. Дәрігерлер бригадасының қыстың аязды күндерінде алыс ауылдарға арнайы ұшақпен барып, сәби мен ананың өмірін аман алып қалған әсерлі сәттерін тебірене әңгімеледі.
Жиын барысында колледж студенттері Үміт Мұқанқызымен сұрақ-жауап алмасып, өмір жолы өнегеге толы маманның әңгімелерін қызыға тыңдады. Көлдей тәжірибе мен ізгілікке толы кеште колледждің өнерпаз жастары құрметті қонаққа әсем ән мен күй тартып, өз өнерлерін көрсетті. Тағылымы мол кездесу соңында Арқалық политехникалық колледжінің басшылығы кешіміздің құрметті қонағына Алғыс хат пен естелік сыйлықтар табыс етті.
Осындай өнегелі іс-шаралар жас ұрпақтың санасына ізгілік пен отансүйгіштік дәнін себіп, оларды «Адал азамат» болуға үндейтіні сөзсіз. Өмір жолын ел игілігіне арнаған ардагерлермен жүздесу – жастардың саналы әрі жауапты азамат болып қалыптасуына жол ашатын нағыз тәрбие мектебі. Өйткені өткенін бағалай білетін, үлкеннің жолын ұстанған жас ұрпақтың ертеңі әрқашан жарқын болмақ.
Бағила БАЛМАШЕВА,
Арқалық политехникалық
колледжінің қазақ тілі мен
әдебиеті пәнінің оқытушысы
Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.