Жас дебатшылар форумы өтті

Выпуск - №42 (539)   :   28.10.2022
420

Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінде Республика күніне арналған іс-шаралар шеңберінде «Отан сүйер ұлан бол» атты жас дебатшылар форумы өткізілді.

Форум екі кезеңдік форматта ұйымдастырылды. Бірінші кезең бойынша әр топтан қатысушы жас дебатшылар өз топтарын ерекше таныстырулары арқылы көпшіліктің ықыласына бөленсе, екінші кезеңде форум «Өркениет» дебат клубының пікірталас сайысымен қортындыланды. Пікірталас сайысына «Егемен елдің бағы жетпес игілігі» тақырыбында қарарлар ұсынылды.

Жас дебатшылар форумында «Алаш», «Ақиқат», «Жастар», «Ұшқын» командалары бой көрсетті. Тартысты ойында барлық командалар жоғары деңгейде ойын өрнегін көрсетті. Командалар ішінде топ жарып, ерекше көзге түскен «Алаш» командасы жеңімпаз атанып, бірінші орын иегері атанды. Ал екінші орынға «Ақиқат» командасы ие болса, үшінші орынды «Ұшқын» және «Жастар» командасы теңдей бөлісті.


Динара БІЛІСБЕКОВА,
Н.Құлжанова атындағы
Торғай гумманитарлық
колледжінің арнайы
пәндер оқытушысы,
Арқалық қаласы

Реклама

Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.