«Жас сарбаз-2020» жеңімпаздары анықталды

Выпуск - №41(437)   :   16.10.2020
413

Жастардың патриоттық сезімдерін арттыруға насихаттайтын шаралардың жалпы жүгі ауыр десек, артық айтпаған болар едік. Баланың Отанын сүйіп, ел қорғауға дайын болуын қамтамасыз ету берілген тәрбиеден басталады.

Осындай маңызды түйткілді мәселелерді шешуге бағытталған бірден бір жоба – Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімінің тапсырысымен ауыл және қала мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында өткізілген екі күндік «Жас сарбаз» курсы. Аталмыш жоба үш жыл қатарынан жүзеге асырылып келеді. Бұл осы іс-шараның маңыздылығы мен қажеттілігінің дәлелі. Жоба Арқалық қаласы оқушыларының азаматтық жауапкершілігі мен патриоттық сезімдерін дамыту бойынша іс-шаралар кешенін ұйымдастыруды, азаматтық бастамаларды дамытуды көздейді.



Шара шеңберінде іс-шаралар кешені құрылып, бұқара көпшілікке таныстыру үшін қоғамдық тыңдалым өткізілді. Қоғамдық тыңдалым санитарлық талаптарға сай онлайн режимде өткізілді. Шараның ұйымдастырылу барысында барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың барлығын сақтай отырып, қала және ауыл мектеп әскери дайындық жетекшілері мен «Батыр» клубының жетекшілерінің отырысы откізіліп, курстың ережесін құру талқыландық. Қандай сайыстар болатыны бекітілді. Отырыс нәтижесінде талқыланған мәселелер ескеріле келе жарыс ережесі құрылды. Құрылған курс ережесі төрешілер кеңесінде тағы да талқыланып, қатысатын командалар анықталды. Жобаның негізгі кезеңі саналатын «Жас сарбаз» курсы қазан айының 7-9 аралығында өткізілді.



Шараға 3 ауыл 6 қала мектептері қатысты. Қатысушы командалар әскери сынақтың 5 түрі бойынша жарысқа түсті. Пневматикалық мылтықпен ату, АК-75 автоматын шашып, жинау, жалпы әскери қорғаныш киімін кию,алғашқы медициналық көмек көрсету және патриоттық әнді сапта орындау. Екі күнге созылған жарыс қатысушылардың жеңіске деген жігерін арттырды. Нәтижесінде 1-орынды Родина орта мектебі, 2-орынды Ш.Уалиханов атындағы орта мектеп, ал 3-орынды Восточный орта мектебі иеленді. Қатысқан барлық командаларға («Ең айбынды топ», «Ең қайсар топ», «Ең ұйымшыл топ», «Жеңіске деген жігері үшін») арнайы аталымдар тағайындалды.



Жеңімпаздардың барлығы қоғамдық бірлестік атынан дипломдар мен жеңімпаз медальдарымен бағалы сыйлықтар мен ақшалай марапаттарға ие болды. Аталмыш жобаны биыл екінші жыл қатарынан Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі жанынан құрылған «Жасампаз – жастар ұйымы» қоғамдық бірлестігі сапалы жүзеге асырып келеді. Жобаның жас жеткіншектерге берері көп. Батырлардың ел қорғауға деген алғашқы қадамы «Жас сарбаз» курсында жасалады. Отан қоғау, ел қорғау деген ұғымның қаншалықты құрметті екеніне көз жеткізеді.


Гүлхашима ОРАЗОВА,
«Жасампаз – жастар
ұйымы» ҚБ төраймы,
Арқалық қаласы

 

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.