Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің білім алушылары әркез өнер биігінен көрініп келеді. Жас дарындардың өнердегі қадамдарын шыңдап, жаңа есімдерді жарыққа шығару мақсатында өткізілетін «Жас талап-2021» дарындар додасы биыл да өз жалғасын тапты.
«Қазақтың жүрегі тоқтамасын, өнердің жүрегі тоқтамасын деп отырғаным сол. Өнерін өлтіріп алған қазақ ел болып оңбайды, елінен айнып қалған жүрек – жүрек боп соғып жарытпайды. Екеуі бөлінбес бір бүтін, тұтас дүние деп есептеймін», – деген еді Әшірбек Төребайұлы Сығай. Расымен де, нағыз өнер – қазақтың өзінде, қазақтың даласында жатыр. Әшірбек Сығай сөзінің арғы жағында сол өнердің құдіреті, оған бет бұрған адамның кіршіксіз ниеті жатыр десек жарасар. Өнерге ден қойған жас ұрпақтың жетістігін атап, оған ортақ болу, ілтипат білдіру де – жақсылықтың нышаны.
Жүзден жүйрік шыққан жас өрендер хореография өнері, вокал, аспаптарда ойнау шеберлігі, театрлық өнер, авторлық ән, авторлық өлең, айтыскер ақындық өнері, жүргізушілер аталымдары бойынша өзара бақ сынасты. Әр топ 25-30 минут көлемінде аталған номинациялар бойынша концерттік бағдарламаларын көрсетіп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
Сайысқа төрелік ету үшін құрылған комиссия мүшелері сахна тәртібін қатаң қадағалай отырып өнерпаздарымызды әділ түрде бағалап, әр номинация үздіктерін анықтап, жүзден жүйрік шыққан топтарға дипломдар табыс етілетінін атап өтті.

Көшбасшымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында өнерге аса мән бергендігі баршаңызға белгілі. Ұлттық құндылықтарымыздың насихатталуы, өнеріміздің шарықтауы еліміздің дамуына зор үлес қосары сөзсіз. Өнер –рухани қазынамыз! Қазіргі қиын кезеңге қарамастан, жағдайға бейімделіп, өз міндеттерін лайықты атқаруды жалғастырып отырған барша ұстаздар қауымына, әріптестеріме алғыс айтамын! Талантты жас буынның да талпыныстары жоғары. Олардың алдағы уақытта биіктен көріне беруіне тілектеспін. Болашағынан зор үміт күттіретін өрендерге сәттілік серік болғай.
Оразов НИЯЗБЕК,
Н.Құлжанова атындағы
Торғай гуманитарлық колледжінің
Жастар ісі жөніндегі
комитетінің төрағасы,
Арқалық қаласы
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.