Жас таланттардың өнердегі қадамдарын шыңдап, жаңа есімдерді жарыққа шығару мақсатында Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің жастар ісі жөніндегі комитетінің ұйымдастыруымен «Жас талап-2023» дарындар додасы биыл да жалғасты.
Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің білім алушылары әркез өнер биігінен көрініп келеді. Жүзден жүйрік шыққан жас өрендер хореография, вокал, аспаптарда ойнау шеберлігі, театрлық өнер, авторлық ән, авторлық өлең, айтыскер ақындық өнері, жүргізушілер аталымдары бойынша өзара бақ сынасты. Әр топ 25-30 минут көлемінде аталымдар бойынша концерттік бағдарламаларын көрсетіп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
Сайыста төрелік жасаған колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жанар Сериковна, колледжіміздің президенті Қаби Мөлдір және колледж түлегі Ақжол Дарханұлынан құрылған комиссия құрамы сахна тәртібін қатаң қадағалай отырып, өнерпаздарымызды әділетті бағалап, әр номинация үздіктерін жекелей марапаттап, жүзден жүйрік шыққан топтарға орындар беріліп, дипломдар табыс етілді.
Жүлделі І орынды МУЗ-1 тобы, ІІ орынды БМ-12 тобы қанжығасына байласа, жүлделі ІІІ орын ДМ-11 тобына бұйырды. Ұлттық құндылықтарымыздың насихатталуы, өнеріміздің шарықтауы біздің елдің дамуына зор үлес қосары сөзсіз. Өнер – біздің рухани қазынамыз. Талпыныстары жоғары талантты жас буынның алдағы уақытта биіктен көріне беруіне тілектеспін. Болашағынан зор үміт күттіретін өрендерге сәттілік серік болғай.
Ниязбек ОРАЗОВ,
Н.Құлжанова атындағы
Торғай гуманитарлық колледжі
Жастар ісі жөніндегі
комитетінің төрағасы,
Арқалық қаласы
«У страны с сильной прессой – большое будущее», – сказал Мыржакып Дулатов. Действительно, роль СМИ на пути роста сильного общества велика. С каждым годом становится всё больше и больше грамотных читателей со своим видением и потребностями. И это радует. Издание «Учительская плюс», вестник сферы образования нашего региона, заряжает педагогов творческим вдохновением. На протяжении нескольких лет в этой газете публиковались мои статьи, написанные с целью популяризации имён и достижений талантливых учителей и студентов Рудненского социально-гуманитарного колледжа им. И.Алтынсарина. В последние годы я начала писать небольшие произведения. И именно «Учительская плюс» впервые представила мои рассказы. Для меня это издание занимает особое место. Верю, что и в дальнейшем газета «Учительская плюс» со сформированной читательской средой продолжит процесс духовной поддержки творческих и талантливых педагогов.
Нам есть, о чём рассказать и самое главное – есть, где это опубликовать. «Учительскую плюс» читает не только Тогузакская школа, но и школы района, области, и поэтому наш опыт, успехи становятся известны коллегам, руководству образования. И, конечно же, нам интересно, что творится в других школах: методические новинки, необычные мероприятия. Я выписываю газету и публикуюсь в ней очень давно, потому что это важно, нужно не только для меня, но и для всего нашего коллектива. Да и вообще, нам нравится ваша газета, нравится то, что вы публикуете всё то, что актуально для учителей.