«Жас талап» байқауы жалғасын тапты

Выпуск - №5(653)   :   07.02.2025
847

1

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Арқалық қаласындағы Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің 1-курс студенттері арасында, жылдағы дәстүрге сай, «Жас талап» байқауы өткізілді.

Өнерге ден қойған жастардың жетістігін атап, оған ортақ болу, ілтипат білдіру де – жақсылықтың нышаны. Соның бір дәлеліндей, Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің білім алушылары әркез өнер биігінен көрініп келеді. Жас дарындардың өнердегі қадамдарын шыңдап, жаңа есімдерді жарыққа шығару мақсатында колледжіміздің жастар ісі жөніндегі комитетінің ұйымдастыруымен өткізілетін «Жас талап-2025» дарындар додасы биыл да жарасымды жалғасын тапты.

2


Жүзден жүйрік шыққан жас өрендер хореография өнері, вокал, аспапта ойнау шеберлігі, театр өнері, авторлық ән, авторлық өлең, айтыс өнері және жүргізушілік номинациялары бойынша өзара бақ сынасты. Әр топ 25-30 минут көлемінде осы аталымдар аясында бағдарламасын ұсынып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Байқау басталар алдында колледждің вице-президенті Сабина Ахат құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Аталмыш сайыста төрелік еткен комиссия құрамына колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Жанар Турганова, колледжіміздің бөлім меңгерушісі, жалпы білім беретін пәндер оқытушысы Ақбота Сейтқожина және жастар ресурстық орталығының SMM маманы Райымбек Қуанышбек кірді. Қазылар алқасы сахна тәртібін қатаң қадағалап, қатысушылардың өнерін әділ бағалады. Әр номинация бойынша үздіктер жеке марапатталып, жүзден жүйрік шыққан топтарға орындар беріліп, дипломдар табыс етілді.
Бас жүлдені ДМ-11 тобы иеленсе, жүлделі I орын БМ-13 тобына бұйырды. II орынды БМ-12 тобы қанжығасына байласа, III орын БМ-11 тобының студенттеріне табысталды. Қалған екі топ әртүрлі номинациялар бойынша марапатталды. Қорыта келе, ұлттық құндылықтарымыздың насихатталуы, өнеріміздің шарықтауы – еліміздің дамуына үлкен үлес қосары сөзсіз. Өнер – рухани қазынамыз екені рас. Талантты жас буынның талпыныстары жоғары, алдағы уақытта биіктен көріне беруіне тілектеспін. Болашағынан зор үміт күттіретін өрендерге сәттілік серік болғай.

Ниязбек ОРАЗОВ,
Н.Құлжанова атындағы
Торғай гуманитарлық
колледжіндегі жастар ісі
жөніндегі комитеттің төрағасы,
Арқалық қаласы

Реклама

Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.