Қостанай жоғары педагогикалық колледжінің 3-курс студенттері үшін Қостанай облысы білім басқармасында Ашық есік күні ұйымдастырылды. Білім алушылар басқарма қызметімен жақынырақ танысу мүмкіндігіне ие болды.
Білім беру саласы – ешбір адамды сырт айналып өтпейтін тақырып. Ал, оған тікелей қатысы бар болашақ педагогтер қауымы үшін оның маңызы әлдеқайда жоғары. Оларды толғандырған сұрақтарға жауап беруді көздеген іс-шара конференциядан бастау алды. Іс-шараға қатысқан 50-ден астам студентке басқарма қызметінің негізгі бағыттары туралы басқарманың ақпараттық-талдау жұмысы бөлімінің басшысы Наталья Мурсалина және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Әсем Қасқабаева баяндап берді. Артынша, Ашық есік күні аясында, студенттерге білім бөлімдері бойынша тағылымға толы экскурсия ұйымдастырылды.
Басқарма ұсынған деректерге сүйенсек, бүгінгі таңда Қостанай облысының білім беру желісінде балабақшалар, шағын орталықтар, мектептер, колледждер, арнайы және қосымша білім беру ұйымдарын қоса есепке алғанда 1163 ұйым бар. Оларда жалпы саны 165 мыңға жуық балалар мен студенттер білім алып, тәрбиеленеді. Ал, сол жастарға білім мен тәрбие беру жолында 35 мыңнан астам қызметкер, оның ішінде 20 мыңнан астам педагог еңбек етуде.
– Білім басқармасының мызғымас дәстүріне айналған Ашық есік күнінің маңызы зор. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдері мен мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің болашақ тәрбиешілері қатысып отыр. Білім беру саласының болашақ мамандары ретінде оларға басқарманың құрылымы мен қызметі толық таныстырылды. Бұл да студенттерге бағытын айқындауға үлкен септігін тигізуі тиіс, – дейді Қостанай жоғары педагогикалық колледжі директорының оқу-практикалық жұмыс жөніндегі орынбасары Қымбат Жунусова.
Осындай кездесулерді өткізудің маңыздылығын студенттер де атап өтті. Солардың бірі – бастауыш білім беру мамандығының 3-курс студенті Томирис Темиртаева. «Мемлекеттік органдардың жұмысын өз көзімізбен көріп, көптеген қызықты ақпараттармен таныстық. Болашақ мамандығымызға қажет таптырмас тәжірибе болды», – дейді ол.
Жамал ШАУКЕН,
суретті түсірген автор
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.