Жастар шабытын шарықтатқан көктем

Выпуск - №15(711)   :   17.04.2026
503

Дәстүрлі «Студенттік көктем-2026» фестивалі биыл да ерекше қарқынмен өтті. Көктемнің шуақты күндерімен қатар келген мәдени жоба өңірдің ең талантты, белсенді студенттерін бір алаңға тоғыстырып, олардың өнері мен соны ойларына кең мүмкіндік ашты.

Жастар шабытын шарықтатқан көктем (1)
Жастар шабытын шарықтатқан көктем (2)

Фестивальге облыстың жеті жоғары оқу орнынан іріктелген студенттер қатысып, бір айға жуық уақыт бойы өзара сынға түсті. Осы уақыт ішінде 14 түрлі іс-шара ұйымдастырылып, әрқайсысы көрермен көңілінен шықты. Концерттік бағдарламалар, театр қойылымдары, вокалдық және би өнері, шығармашылық байқаулар мен авторлық жобалар – мұның бәрі студенттердің жан-жақты қабілетін айқын көрсетті. Әр қатысушы өз өнерін шыңдап қана қоймай, тәжірибе алмасып, жаңа достар тапты.
– Біздің мақсатымыз – облыс жастары арасында шығармашылық әлеуетті дамытуға жағдай жасау, талантты студенттерді анықтап, оларға қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік беру. Сондай-ақ жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, шығармашыл жастардың бастамаларын қолдауды көздейміз, – дейді ұйымдастырушы Дарья Стоногина.

Жастар шабытын шарықтатқан көктем (3)

Шығармашыл іс-шара барысында қатысушылар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, заманауи өнерге деген тың көзқарастарын паш етті. Әр қойылым мен әр өнер нөмірі – үлкен ізденіс мен еңбектің жемісі. Сондықтан фестиваль жастардың өнерін ғана емес, жауапкершілігін, бірлік пен командалық рухын да шыңдай түсті. Қатысушылардың өздері де фестивальдің маңызын ерекше атап өтті.
– Менің ойымша, «Студенттік көктем» фестивалі қызықты өтті. Бұл – жақсы бастама, шабыт сыйлайтын жоба. Жоғары оқу орындарының әрқайсысы да жоғары деңгейде дайындалған. Біз де барымызды салдық. Барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін, – дейді ҚИнЭУ студенті Сағыныш Мырзахметова.

Жастар шабытын шарықтатқан көктем (4)

Фестиваль аясындағы іс-шаралар студенттермен шектелмей, оқытушыларды, қоғам өкілдерін және серіктестерді де қамтыды. Бұл жастар мен қоғам арасындағы байланысты нығайтып, ортақ мәдени кеңістік қалыптастыруға ықпал етті. Қорытынды кезеңде үздік командалар мен жеке қатысушылар анықталып, олар 2026 жылдың студенттік шығармашылығының айқын өкілдері ретінде танылды. Дегенмен, аталмыш фестивальдегі ең басты жеңіс – жүлде емес, жаңа тәжірибе, жаңа таныстықтар мен шығармашылыққа деген сенім.
«Студенттік көктем-2026» тағы бір мәрте жастардың әлеуеті зор екенін дәлелдеді. Өнер мен шабытқа толы мереке алдағы уақытта да талай жастың қанатын қатайтып, үлкен сахналарға жол ашары сөзсіз.

Аружан АНИСОВА,
А.Байтұрсынұлы атындағы
ҚӨУ журналистика
мамандығының
3-курс студенті

Реклама

Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.