Жастар студент қатарына қабылданды

Выпуск - №38(535)   :   30.09.2022
539

Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің жатақханасында студенттерді бір-бірімен жақын араласу, жақсы көңіл-күй сыйлау арқылы адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу мақсатында«Student party» атты кеш ұйымдастырылды.

Білім ордасын тәмамдап шыққан кешегі оқушы – бүгін студент атанды. Әрбір оқу жылын бірінші курс студенттері үлкен толқумен күтеді. Олардың әрқайсысы өзіндік қарым-қабілетімен ерекшеленеді, дегенмен бәрін бір сөз біріктіледі, ол – студент. Алайда, әр бірінші курс студенті «студенттер қатарына кабылдану» рәсімінен өту арқылы шынайы студент бола алатынын біледі. Колледж жатақханасында оқу ордасының табалдырығын аттаған бірінші курс білімгерлерін студенттер қатарына қабылдау кеші өтті. Қиялдарын қанаттарына байлап, асқақ арман жетелеген жас ұландар өмір жолындағы қызықты да бақытты кез – студенттік шақтың басталғанын енді сезінгендей болды.

Мерекелік кеш шымылдығын ашқан колледжіміздің тәрбие ісінің меңгерушісі Гүлхашима Оразова мектеп бітіріп, үлкен өмірге жолдама алу, студент атану – әрбір жастың арманы екендігін, студенттік жылдар – саналы өмірдің шаттыққа толы кезеңі екендігін, осы қуанышқа толы сәттерді тиімді пайдалана отырып, білімнің тереңіне бойлауға шақырып, әрқашан да демеу болатынын айтты. Шын мәнінде бүгінгі жас – ертеңгі елдің мызғымас тірегі, келешек келбеті. Сол себепті олардың білімді, бәсекеге қабілетті, жан-жақты әлеуметтенуі – ел дамуындағы аса маңызды фактор саналады

Іс-шара барысында 1-курс студенттері бар өнерлерін ортаға салды. Атап айтсақ, БМ-11 тобының білім алушылары Айсұлу Жұмаханова мен Аружан Соқабаеваның «Ана» өлеңі, 1-курс студенттерінен құралған КВН тобының өнері ерекше көңіл-күй сыйлады. МД-11 тобының студенті Ақбөпе Тынымбай мен БМ-11 тобының студенті Әмина Иманбекова «Мен сіздерді жақсы көрем» әнімен, МД-12 тобының студенті Ақбота Әділбек, Муз-1 тобынан Нұрсәуле Қабден, БМ-12 тобынан Жадыра Какенова «Рухты ару» әнімен, қыздар тобынан құралған мың бұралған бишілер, «Балбырауын» күйін нақышына келтіріп отырдаған күйші студенттеріміз ерекше көзге түсті. Одан бөлек 1-курс ұл-қыздарынан құралған жұппен билеу өнері де керемет әсер сыйлады.

Артынша студенттер мен оқытушылар арасында ұйымдастырылған ойын өте қызықты әрі тартысты өтті. Кеш соңы игі тілекпен аяқталды: «Үлкен өмірге қадам басқан жастарды студенттер қатарына ресми қабылдануымен тағы да құттықтай отырып, оларға мықты денсаулық пен адами қарым-қатынастың жылуын, бақыт, көтеріңкі көңіл-күй, шығармашылық табыс, күш-жігер, еңбекқорлық, қызықты қоғамдық, мәдени және ғылыми өмір тілейміз».


Жанар БИРМАКАНОВА,
Н.Құлжанова атындағы
Торғай гуманитарлық колледжі
жатақхана тәрбиешісі,
Арқалық қаласы

Реклама

Я с детства полюбила читать газеты, потому что они всегда были в нашей семье. И до сих пор, несмотря на обилие новых носителей информации, я больше всего люблю газету, особенно нашу, учительскую, за продуманный, взвешенный подход, за подробность и объективность, за особую атмосферу, которая возникает от неспешного листания страниц. И ещё нравится, что  «Учительская плюс» входит в список изданий, рекомендованных министерством просвещения для размещения материалов аттестуемых педагогов. Это очень мотивирует!

«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.

Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!