Жастар студенттік қатарға қабылданды

Выпуск - №45(642)   :   15.11.2024
604

2


Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің білім алушы жас толқындарына жаңа леп қосылды. Кеше ғана мектеп табалдырығынан аттап, жоғары оқу орнына түссем деген ізгі ой қалықтаған буын, бүгінде студент атанды.

4

5

3


Бұл әсерге толы сәт колледжіміздің бірінші курс студенттеріне арналған «Студенттік қатарға қабылдау» салтанатты іс-шарасында көрініс тапты. Арқалық қаласындағы Қазақ жасөспірімдер театрында колледжіміздің жастар ісі жөніндегі комитеті мен волонтерлер мүшелерінің ұйытқы болуымен өткізілген мерекелік кеш барысында студент қатарына қабылданған білім алушыларды 2-3 курс топ басшылары құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

1

Жоғары курс білім алушылары студенттік өмірдің құпияларымен бөлісіп, көңілді ойындар ұйымдастырып, күмбірлете күй тартып, әуезді әндер орындап, заманауи билер мен концерттік бағдарламасын ұсынды. Мерекелік іс-шараның соңы би кешіне ұласты. Болашақ мамандарды 45 жылдық тарихы бар оқу орны студенттерінің қатарына қабылдануымен құттықтаймыз! Сынақ кітапшаларыңыз тек жақсы бағаларға толы болсын!

Ниязбек ОРАЗОВ,
Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы,
Арқалық қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.