Жастарға кәсіптік бағдар

Выпуск - №21(518)   :   01.06.2022
1011

Кәсіптік бағдар беру жұмысы жас ұрпақтың саналы түрде болашақ мамандығын таңдауына мүмкіндік жасайды. Арқалық политехникалық колледжінде кәсіптік бағдар беру жұмыстары жоспарға сәйкес атқарылуда.

Жуырда колледждің кәсіптік бағдар беру тобы Амангелді және Жангелді аудандарының мектептерінде «Мамандық жәрмеңкесі» атты іс-шарасын ұйымдастырды. Шара болашақ талапкерлердің дұрыс таңдау жасауына ықпал етіп, білім ордамыздағы мамандықтарды насихаттауды көздеді. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары ретінде 9 және 11-сынып түлектерімен кездесіп, колледждегі мамандықтар туралы презентация, бейнебаян көрсетіп, оқушылармен түсіндіру жұмыстарын өткіздім.

Оқушылармен жұмыс істеу – кәсіптік бағдар беру бағыттарының бірі болса, екіншісі – ата-аналармен жұмыс істеу. Сондықтан ата-аналар арасында да түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Себебі балаларының мамандық таңдап алуына ата-аналардың ықпалы үлкен болғандықтан, олармен жұмыс нәтижелі болары сөзсіз. Аталған іс-шара колледжіміздің белсенді де өнерлі студенттерінің ұйымдастыруымен шағын концерттік бағдарламамен аяқталды.


Салтанат АХМЕТОВА,
Арқалық политехникалық
колледжі директордың тәрбие
ісі жөніндегі орынбасары

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.