Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің жатақханасында студенттердің қатысуымен қазақ өнерін дәріптеп, өнерге баулу мақсатында «Дәлме-дәл 2023» пародия кеші ұйымдастырылды.

Өнер – көркем образдар жүйесі арқылы адамның дүниетанымын, ішкі сезімін, жан дүниесіндегі құбылыстарды бейнелейтін қоғамдық сана мен адам танымының формасы. Өнер өмірде болған оқиғаларды қаз-қалпында алмай, өзгертіп, түрлендіріп, көркем образдарды типтендіру арқылы сомдайтын эстетикалық құбылыс. Оны қоғамдық сананың өзге формаларынан даралайтын белгісі де адамның шындыққа деген эстетикалық қатынасы болып табылады. Өнердің мақсаты – дүниені, адам өмірін, қоршаған ортаны көркемдік-эстетикалық тұрғыдан игеру. Сондай өнердің бірі – пародия кеші – жатақханамызда байқау түрінде өткізілді.
Сайысқа жатақхананың 2-5 қабаттарында тұратын студенттер ат салысты. Әр қабаттың дайындығы бірінен-бірі асып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Қатысушыларға әділ бағасын беру үшін қазылар алқасы сайланды. Олар: Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі директорының тәрбие ісінің меңгерушісі Жанар Турганова, Б.Байқадамов атындағы балалар музыка мектебі директорының оқу ісінің меңгерушісі Назира Сембігүл, колледжіміздің түлегі Ақжол Дарханұлы.
Байқау екі кезеңнен тұрды. І кезеңде студенттеріміз өз қалаулары бойынша таңдаған әртісті сомдаса, ІІ кезеңде «Әзіл ысқақ» театрынан көрініс қойылды. Студенттер әнді орындап қана қоймай, сол әртістің сырт келбетін дәлме-дәл ұқсатып, қимылдарын да айнытпай сомдауы қажет болды. Кеш Аружан Сайлаубайдың орындауындағы «Аппағым» әнімен басталды. Бірінші кезеңнен кейін Әли Байсейтов «Қазақтың баласы» әнін орындады. Кешті қортындылау үшін әділ қазылар алқасына сөз берілді. Игі тілектерін жолдай отырып, олар байқаудың үздіктерін марапаттады.
Нәтижесінде «Көрермен көзайымы» аталымына 2-қабат студенттері ие болды. Жүлделі 3-орынды 5-қабат суденттері, 2-орынды 4-қабат студенттері, ал 1-орынды 3-қабат студенттері қанжығасына байлады. Қатысушылар мақтау қағаздарымен марапатталып, кеш соңы жүргізуші, АрПИ студенті Ақерке Мұрәділдің орындауындағы «Қазақстан» әнімен аяқтады. Халқымыздың даналығында «Баланы жастан» деген сөз бар. Сондықтан тәрбиенің тал бесіктен басталатынын ескерсек, ата-бабадан келе жатқан ибалық пен инабаттылықты түпкілікті түсініп, балаларымызға сол тәрбиенің нәрін сіңіре білсек, бұл қазіргі заманда бала тәрбиесіне қосқан біздің қомақты үлесіміз болып табылар еді.
Еліміз егемендік алып, мәртебесі биіктей түскен шақта ең алғашқы алға қояр міндеттің бірі – бала тәрбиесі – егемен еліміздің болашағын жалғастырушы ұрпақ тәрбиелеу. Ал сол жас ұрпаққа тәрбие беретін бүгінгі тәрбиеші-мамандар тәрбиелеу мен білім берудің жаңаша жетілдірілген әдіс-тәсілдерін іздестіріп, жұмыс барысында жаңашыл бағыттарды қарастырып, оны өздерінің іс-тәжірибесінде қолданып отырса, бала тәрбиесі алға басары сөзсіз. Бұл ойдың тармағы бүгінгі тәрбиешінің кәсіптік шеберлігінде, шығармашылық дамуына әкеліп соғады. Жатақханамызда осындай қызықты әрі тартымды іс шаралардың әлі де жалғасын табарына сенімім мол.
Жанар ХАМИТҚЫЗЫ,
Н.Құлжанова атындағы
Торғай гуманитарлық колледжі
жатақхана тәрбиешісі,
Арқалық қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.