Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің «Жас сарбаз» әскери патриоттық үйірме белсенділері Ауған соғысына қатысып, қасіретті соғыстың қиыншылығын көрген ардагерлермен кездесіп қайтты.

Ауған соғысы – біз үшін тарихи күн. 1989 жылы ақпан айының 15-інде Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шыққан күні. Биыл, міне, 32 жыл болыпты. Базбіреулер үшін бұл күн қатардағы күннің бірі ғана болуы ықтимал, ал біз үшін – тарихи күн, тағдырлы күн. Сол кездегі елге ағылған темір табыттардың тоқтаған күні. Аманат арқалап, өмір мен өлім белдескен қанды шайқасқа қатысып, батырлықтың ерен үлгісін көрсеткен қаһарман ағаларымыз бүгін біздің ортамызда.
Олардың бірі Арқалық кеден қызметінің бастығы, Ауған соғысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Бальдиков Марат Батырханович болса, енді бірі МАИ инспекторы қызметін атқарушы, подполковник, бұл күндері міндетті демалыстағы Кунаков Тимур Шамилевич. Бүгінде елінің көсегесін көгертуге ат салысып жүрген ауғандық ардагер жауынгерлерімізді қадірлеп-құрметтеу біздің борышымыз.

МАИ инспекторы қызметін атқарушы, подполковник Тимур Кунаков
Кездесу барысында біз кітап бетінен ғана оқып-білген соғыс туралы олар өз көздерімен көріп, ел мүддесін қорғағандығы жайлы шер тарқатты. Көптеген қазақстандықтар қаза тапты, іс-түссіз жоғалып кеткендері де қаншама. Ардагерлеріміз бұл күнді көңілде сызы, жүректе ізі қалған ауыр да азапты жылдар естелігі екендігін айтып, олар үшін қайғы болып қатталып, қасірет болып жатталып қалса да, тәуелсіз Қазақстанның әрбір күні бейбіт өмірдің бесігінде тербетіліп, әр үйдің түтіні түзу шығуын тіледі.
«Ерлік – жан дүниенің ұлы қасиеті» деген екен бір дана. Өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі бөлігін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жазуымен елге аман-сау оралып, туған жерімен қауышу – бір ғанибет емес пе? Ер қуаты – қару болса, ел қуаты – батырлары, сақадай сарбаздары мен сардарлары. Халық қашан да қаһарман ұлдарын пана тұтқан. Осындай бейбіт өмір сүруіміз майданда ерлікпен елі мен жерін қорғаған батырларымыздың арқасы.
Ниязбек ОРАЗОВ,
Н.Құлжанова атындағы
Торғай гуманитарлық колледжінің
алғашқы әскери дайындық
пәнінің оқытушысы,
Арқалық қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.