Жол саласына мамандар қажет

Выпуск - №12-13 (408-409)   :   20.03.2020
283

Мамандық таңдау жасөспірім шақтағы ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады.

Статистикалық деректерге сүйенсек, әлемде 40 мыңға жуық мамандықтар бар екен. Олардың бірі ежелден келе жатса, енді бірі заман талабына сай туындаған. Дегенмен жол саласында мамандар тапшылығы мәселесі әлі де өзекті. Бұл жағдайдың алдын алу мақсатында «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» Қостанай облыстық филиалының басшысы мен мамандары қаламыздың бірнеше оқу орындары мен білім ордаларын аралап, мектеп оқушыларына ақпарат берді.

Қазақстанда 7000-нан астам мектеп бар, әр мектептен 1-2 баладан үгіттеп жолшы маманын дайындасақ, 10 жылда бұл саладағы маман тапшылығы мәселесі шешіледі. Айтуларынша, жол саласындағы мамандардың жалақысы жоғары әрі әрдайым сұранысқа ие. Өйткені елімізде жыл сайын мыңдаған шақырым автомобиль жолдары салынып, жөндеуден өтеді. Бұл мамандыққа мемлекеттік тапсырыс көлемі де аз емес. Мәселен былтыр құрылыс жұмыстары мамандығына – 2800, электр энергетикасы және автоматтандыруға – 2200, автокөлік құралдары мамандығына – 700, көлік қызметіне – 600, материалтану және технологиялар мамандығына – 300, жалпы жол саласына қатысты мамандықтарға – 9570 грант бөлініпті.

Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет. Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен, өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері болып, тіпті алдарына жоспар да құрғысы келмейді. Сондықтан әр адам өзін дамыту үшін білім алып, соған сай мамандыққа машықтану керек.


Сара ИСМАИЛОВА,
№1 ОМ педагогі,
Тобыл қаласы

ГЛАВНЫЕ НОВОСТИ

Путь, заданный великим учителем

Вчера в 14:44

Патриотическое воспитание

Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия

Вчера в 14:40

Профессиональное содружество

Эффективное взаимодействие педагогов и родителей

Вчера в 14:36

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

История первого детского сада Лисаковска

Вчера в 14:33

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

Актуально

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.