Бүгінде оқушылардың тек 10-15 пайызы ғана болашақ мамандығын дөп басып таңдаған көрінеді. Ал статистикаға сүйенер болсақ, еңбек нарығындағы бос жұмыс орындарының 70 пайыздан астамын жұмысшы және техникалық мамандықтар алып тұр.

Мамандықты таңдау кезінде оқушылар мен студенттер тек оқу орнының беделі мен қалаған мамандығының танымалдылығына ғана сүйенетіні шындық. Соның салдарынан нарыққа аса қажет мамандықтар сұранысқа ие бола алмай отыр. Қазіргі уақытта мемлекет жол саласына қатысты мамандықтарға білім гранттарын көптеп бөлген.
– Жол саласын таңдаудың үш негізгі себебі бар. Біріншіден, 2020-2021 оқу жылдарына еліміз бойынша 8 443 грант жол саласы үшін бөлінген. Бұл дегеніңіз, мемлекет тарапынан қолдауға ие болып, ата-анаңызға үлкен көмегіңіз тиіп, тегін оқуға үлкен мүмкіндік бар. Екіншіден, жол саласындағы мамандықтарға сұраныс жоғары. Мысалы, филиалға заңгер іздеген кезде бір жарты сағаттың көлемінде 200-тен аса түйіндеме келіп түскен. Ал зертханашы (лаборант) іздегенде небәрі 4 түйіндеме келді. Осыдан-ақ, қорытынды шығарсаңыздар болады, – дейді Ұлттық жол активтері сапасының орталығының облыстық филиалы директоры Абылай Алшынбаев. – Осы олқылықты жою мақсатында, Біздің ұйым биыл «1000 мектеп» акциясын жүзеге асырды. Қазақстан бойынша барлық филиалдар мектеп бітіруші түлектермен кездесулер өткізіп, жолшы мамандығының маңызын пайымдауға тырысты. Биыл өңіріміз бойынша 2000-ға жуық оқушыны қамтыдық. Пандемияға байланысты кездесулердің біразы онлайн форматта өткізілді.
Жолшы болғысы келетін студенттердің де жақсы жалақы алуға мүмкіндіктері бар. Биылдан бастап, орталық студенттерді ақылы практикаға қабылдамақ. Тәжірибе жинап қана қоймай, 85 мың көлемінде жалақы да тағайындалатындығын айтады филиал директоры. Мұның барлығы, жастардың өз мамандығына деген ынтасын көтеруі тиіс.
Мадина ӘБІЛДИНОВА,
С.Мәуленов атындағы гимназия
биология пәнінің мұғалімі,
Қостанай қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.