Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің Журналистка және коммуникациялық менеджмент кафедрасы журналистика саласына қызығушылығы бар 9–11-сынып оқушыларына арнайы екі күндік медиафорум өткізді.
Оқушыларды журналистика негіздерімен және заманауи коммуникациялық технологиялармен таныстыруды мақсат еткен іс-шара жүзге жуық оқушының басын қосты. Әсіресе, қаламыздағы Абай атындағы №27 жалпы білім беретін мектебі, Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты, №19 жалпы білім беретін мектебімен қатар Рудный қаласындағы №14 жалпы білім беретін мектебінің оқушылары белсенділік танытқанын атап өткен жөн. Бағдарлама аясында білім алушы жастарға жетекші оқытушылар мен кәсіби журналистердің дәрістері, шеберлік сыныптары; жаңалықтар материалдарын жазу және сұхбат жүргізу бойынша тәжірибелік сабақтар; интерактивті викториналар мен байқаулар ұйымдастырылды.
Медиа саяхаттың алғашқы күні KozQaras студенттік деректі фильмдер фестивалінің көрсетілімі өтті. Бұл фестивальдің IV маусымының байқау бағдарламасына төрт университеттің студенттері ұсынған 14 жұмыс енгізіліпті. Танымдық жиынның қатысушылары сол фильмдермен танысып қана қоймай, өзіндіек ой-пікірлері мен көзқарастарын білдіру мүмкіндігіне ие болды.
– Екі күнге созылған медиафорумнан алған әсерім керемет. Алғашқы күні деректі фильмдерді тамашаласақ, екінші күнінде тәжірибе жағына көбірек көңіл бөлінді. Журналистика мамандығына қызығушылығым да арта түскендей. Мектепте, басқа пәндерге қарағанда, қазақ тілі мен әдебиетіне жақынмын. Ғабит Мүсіреповтың «Ұлпан», Бейімбет Майлиннің «Шұғаның белгісі» шығармалары ерекше ұнайды. Жалпы, осы медиа саяхатқа келіп отырғанымыздың бірден-бір себебі: болашақта журналист болуы армандаймын, – дейді Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының 9-сынып оқушысы Даяна Досова.
Аталмыш білім ордасының 11-сынып оқушысы Жансая Өмірзақ та, басқа қатысушылар секілді, журналистика саласына қызығады. Жазған мақалалары мен өлеңдерін портфолиосына жинақтап жүр. «Биыл бітіруші түлек болғаннан кейін, мамандық таңдау жауапкершілігі алдымда тұрды. Сол сәтте өзіме ең қызықты көрінгені журналистика болды. Сондықтан да, медиафорумның болатыны жайында ести сала, бірден қатысуға ниет білдірдім. Қазірдің өзінде сыныптас құрбым Алтынай Тажиевамен бірге мектепте өтетін іс-шаралдардан бейнематериал дайындап, YouTube-тегі арнама жүктеп отырамын. Бұл мені мамандығыма бір табан жақындата түседі деп сенемін», – дейді ол.
Іс-шара аясында ерекше есте қалған дүниелердің бірі – фестиваль шеңберінде Қостанай өңірлік университетінде заманауи үлгідегі жаңа мультимедиялық зертхананың ашылуы. Бұл жаңалық тек университет үшін ғана емес, журналистика мамандығында білім алатын барша студенттер үшін маңызды оқиғалардың бірі болғаны хақ.
Жамал ШАУКЕН,
суретті түсірген автор
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.