Журналистика – сұранысқа ие мамандық

Выпуск - №21(468)   :   28.05.2021
2666

Шығармашылықты талап ететін журналист маман болу үшін талабы таудай талантты, даңғарадай дарынды болу міндетті емес, ең бастысы жүрек қалауы мен икемі, жұртшылыққа ақпаратты қызықты әрі жеңіл жеткізе алатын қабілеті болса жеткілікті.

Жоғары оқу орнына түсу барысында бірнеше шығармашылық мамандықтардан өзгеше форматтағы емтихандар тапсырылады. Ондай мамандықтар қатарына «Журналистика», «Музыкалық білім», «Дизайн», «Дене шынықтыру және спорт» сынды білім бағдарламалары кіреді. Бұл бағыттың ерекшелігі – түлектер ҰБТ-да тек негізгі 2 пәнді (оқу сауаттылығы, Қазақстан тарихы) таңдап, тапсыруына болады. Университет қабырғасында шығармашылық 2 емтихан негізге алынады. Олар шығарма жазу және әңгімелесу.



Кез келген мамандық халыққа бір септігін тигізу үшін қызмет атқарады, ал журналист бұл міндетті одан екі есе артық жасау үшін жаралған. Ата-аналар баласы журналист боламын деп шешсе, «болашақта ол қай жерде жұмыс жасайды, қызмет орны табылады ма» деп бетін қайтарып тастайды. Алайда қазіргі заманда теледидардағы жаңалықтан бастап, баспасөз хатшысы (PR), жарнама агенттіктері, интернеттегі сайт материалдарына дейін дәл осы журналистің туындысы екенін көбі біле бермейді. Қабілетсіз жан бұл мамандықты таңдамайды. Сіз қанша диплом алсаңыз да, дүниенің басқа бұрышында өзге қызметте жүрсеңіз де тумысынан талант болса, бәрібір айналып қазығын табады.



Екінші бір қыры, мектеп оқушысы Ұлттық бірыңғай тестілеуден өту үшін міндетті түрде 4-5 пән таңдауы керек. Ал журналистика білім бағдарламасын таңдаушылары да дәл сондай талаппен әдебиет пәнін оқуы қажет деп түсінеді. Дегенмен журналистика мамандығына түсу үшін ҰБТ-да тек 2 пән: оқу сауаттылығы мен Қазақстан тарихын тапсырса жеткілікті.



Университетке құжат тапсырарда қосымша шығармашылық емтихан өткізіледі. «Маған ұнайтын журналист», «Сүйікті кітабым» сияқты тақырыптарда шығарма жазылады, келесі күні осы уақытқа дейін жеткен жетістіктеріңді дәлелдейтін мақтау қағаздарыңның топтамасын көрсетіп, әңгімелесуден өтеді. Осылайша, мемлекеттік грант алуға мүмкіндігі жоғарылай түседі.



Мемлекеттік грант иегері атанбай қалған жағдайдың өзінде А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде оқу үздіктері мен белсенділеріне арналған А.Иманов, Сағадиев шәкіртақылары мен ҚМУ ректоры, облыс, қала, аудан әкімдерінің гранттары тағайындалған.



4 жыл білім алған, қолында «бакалавр» дәрежесі бар түлекке облыстық және республикалық баспа (газет, журнал, типография) және электронды (телеарна, радио) бұқаралық ақпарат құралдары құшағын айқара ашады. Отандық және шетелдік ұйымдардың баспасөз қызметтерінде, жарнама және PR агенттіктерінде, SMM және SEO мамандары, бұқарамен байланыс құрылымдарында еш қиындықсыз қызмет атқара алады. Осы тұста А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің журналистика мамандығын тәмамдаған студенттердің жұмысқа орналасу статистикасымен бөлісе кетсем.

 
2018-2020 жылдардағы түлектердің жұмысқа орналасу деңгейі

Диаграммада көрсетілген ақпаратты пайыздық жүйеге ауыстырсақ, 2018 жылы 87,7% және 2019 жылы 84,3%, 2020 жылы 92% студент өз саласы бойынша қызметке орналасып, халықты ақпаратпен қамтамасыз етіп жүр.

Гүлнұр КӘКІМБЕК,
А.Байтұрсынов атындағы
ҚӨУ аға оқытушысы

 

ГЛАВНЫЕ НОВОСТИ

Путь, заданный великим учителем

Вчера в 14:44

Патриотическое воспитание

Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия

Вчера в 14:40

Профессиональное содружество

Эффективное взаимодействие педагогов и родителей

Вчера в 14:36

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

История первого детского сада Лисаковска

Вчера в 14:33

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

Ғасырға қадам басқан білім ордасы

Неделю назад в 15:09

Бүгінгі мектеп

Жасыл болашаққа тамыр тартқан жоба

Неделю назад в 15:07

Бүгінгі мектеп

Актуально

Реклама

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.

Благодаря профессионализму коллектива редакции и пониманию важности наших тем мы, педагоги, можем представить широкой аудитории региона самые актуальные материалы о своей работе, о достижениях коллег и успехах учащихся. Я считаю, что газета «Учительская плюс» играет ключевую роль в поддержке профессионального сообщества, в развитии образования Костанайской области. И горжусь тем, что могу внести свой вклад в это дело вместе с газетой.