Күні кеше президенттік көпсайыстан Арқалық қаласының жекелей чемпионаты «Тың-2022» облыстық спартакиадасына іріктеу өткізілді. Аталған жарысқа Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінен 12 білім алушы қатысты.

Жарыс сәуір айының 16-18 аралығында ұйымдастырылды. Оның аясында қатысушылар мылтық атудан, 100 метр, 1000 метр және 2000 метрге жүгіру, граната лақтыру, 100 метрге жүзу сынды спорт түрлерінен бақ сынасты. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, жарыс барысында студенттеріміз бар қажыр-қайратын ортаға салды.

Тартысты өткен доданың нәтижесінде ДМ-21 тобының студенті Бексұлтан Егінбаев пен БМ-11 тобының студенті Қарлығаш Елеусизова I орынға, ДМ-11 тобының студенті Рысбике Амантаева II орынға ие болды. Ал дәл осы ДМ-11 тобының студенті Қаби Мұханбетқали мен БМ-32 тобынан Асем Хасенова III орынды қанжығасына байлады. Жеңімпаздардың алдыңғы қатарынан көрінген колледжіміздің үш білім алушысы мамырдың 12-15 аралығында Қостанай қаласында өтетін облыстық жарысқа жолдама алды.

Аталған жарыс Мемлекет басшысы Қ.-Ж.К. Тоқаевтың Жолдауын жүзеге асыру, саламатты өмір салтын қалыптастырудың маңызды факторы ретінде дене шынықтыру мен спортты жұртшылыққа үлгі ету, спорттық іс-шараларды және саламатты өмір салтының құндылықтарын, президенттік көпсайысты одан әрі насихаттау, қала спортшыларына іріктеу өткізу және облыстық жарыстарға қатысатын қала құрамасын қалыптастыру мақсатында өткізіледі.

«Шынықсаң – шымыр боласың» демекші, дене жаттығуы адам баласына қашан да пайдалы. Күні бойы өзіңді сергек сезініп жүрудің де бір тәсілі – спорт. Адамды шат-шадымен өмір сүруге жетелейтін ол адамның өмірін ұзартады деген сөзді де жиі естуге болады. Бойыңа сергектік сыйлайтын спорттың адам өміріне пайдасы сөзсіз. Сондықтан да адам баласы спортты жанына серік ете білгені жөн.
Ниязбек ОРАЗОВ,
Н.Құлжанова атындағы
Торғай гуманитарлық колледжі
Жастар ісі жөніндегі
комитетінің төрағасы,
Арқалық қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.