Жұмыс берушілермен ашық диалог

Выпуск - №46(694)   :   12.12.2025
864

Жұмыс берушілермен ашық диалог (1)

А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ-дің журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасында мамандар, оқытушылар және медиасала өкілдері бас қосқан мазмұнды кездесу өтті.

Дөңгелек үстел басында қатысушылар өзара пікір алмасып, болашақ журналистер мен PR-мамандарды даярлау ісіндегі маңызды мәселелерді ортаға салды. Кездесуде жасанды интеллектті журналистикада жауапкершілікпен және этикалық тұрғыда қолдану, сонымен қатар PR саласына арналған жаңа білім беру бағдарламасын әзірлеу жайы кеңінен талқыланды. Жиынға қатысқан тәжірибелі PR-мамандар еңбек нарығында сұранысқа ие құзыреттерді атап өтіп, оқытылатын пәндерді жаңартуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды.
Алқалы басқосу аясында білім беру бағдарламаларын жаңарту және PR бағытындағы жаңа оқу бағдарламасын іске қосу, кәсіби-шығармашылық практикумдар мен дуалды оқыту жүйесін жетілдіру, студенттер мен түлектерді жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін кеңейту, медиа-коммуникацияларды дамыту және ЖИ технологияларын тиімді қолдану тақырыптары қамтылды. Кафедра оқытушылары minor бағдарламалары, қазіргі статистикалық көрсеткіштер, жүзеге асырылып жатқан PR жобалары мен студенттердің шығармашылық шеберханаларының ерекшеліктері туралы жан-жақты баяндап берді.
Жұмыс берушілер ҚӨУ студенттерінің әлеуетін жоғары бағалап, бірлескен жобаларды жалғастыруға мүдделі екенін жеткізді. Кездесу барлық қатысушылар үшін пайдалы пікір алмасу алаңына айналғаны анық. Ашық диалог білім беру процесін тәжірибеге барынша жақындатуға, ал серіктестік жаңа идеялардың жүзеге асуына жол ашатыны туралы ортақ пікір қалыптастырды.

Аружан АНИСОВА,
А.Байтұрсынұлы атындағы
ҚӨУ 3-курс студенті

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.