Щучинск қаласында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттеріне арналған Республикалық слёт өтті. Оған еліміздің барлық өңірлерінен келген 100-ден астам белсенді әрі болашағынан зор үміт күттіретін жас маман қатысып, өз дағдыларын шыңдап, келешекке шабыт алды, – деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Іс-шараның ашылуына Премьер-Министрдің орынбасары Ермек Көшербаев, Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов және басқа да ресми тұлғалар қатысты. Премьер-Министрдің орынбасары Ермек Көшербаев слёт қатысушыларына сәттілік тілей отырып, жұмысшы мамандықтарының ел дамуына қосар үлесінің ерекше екенін атап өтті.
– Мемлекет басшысы 2025 жылды Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялады. Бұл – тек бір салаға маман дайындау емес, ел экономикасының тірегі саналатын мамандықтардың маңызын қайта бағалау. Бірнеше жылдар бойы жұмысшы мамандықтарына деген көзқарас біржақты стереотиптер арқылы қалыптасты. Алайда, бүгінгі күні жағдай өзгерді. Жұмысшы – бұл заманауи технологияны меңгерген, еңбек нарығында сұранысқа ие білікті маман. Біз мемлекет ретінде еңбекке лайықты құрмет көрсету үшін барлық жағдайды жасап жатырмыз. Себебі жұмысшы мамандарсыз индустриялық даму, өндірісті жаңғырту мен экономикалық тұрақтылық мүмкін емес. Бұл өзгерістің нақ ортасында сіздер – жас мамандар тұрсыздар, – деді Ермек Көшербаев.
Жыл басынан бері 8 мыңнан астам кәсіби бағдар беруші педагог даярланды, жаңа оқу жылында 700-ден астам бейінді сынып ашылады, қазіргі таңда 352 сынып іске қосылды. 1300 мектеп оқушысы жұмысшы мамандықтарының базалық дағдыларын меңгеріп үлгерді. Шефтік ететін кәсіпорындар саны 7 есе өсті, бүгінде 18 мың кәсіпорын студенттерді дуальды оқыту жүйесімен даярлауда. 185 колледждің материалдық-техникалық базасы жаңартылатын болады, студенттердің жатақханамен қамтылуы 96%-ға жетеді.
– Бүгінде еңбек нарығында тек диплом ғана емес, нақты дағды маңызды. Қазақстанның техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі жаңа деңгейге көтерілуде. Қытай, Франция, Түркия, Жапония, Ұлыбритания, Грузия және басқа да елдермен бірге 10 халықаралық жоба іске қосылуда. Колледждерді халықаралық сертификаттау алғаш рет қолға алынды. Енді біздің студенттер өз құзыреттерін жаһандық стандарттар бойынша дәлелдеп, шетелдік тағылымдамаларға, жұмысқа және жаһандық еңбек нарығына шығу мүмкіндігіне ие болады, – деді Ғани Бейсембаев.
Үш күн бойы қатысушылар мотивациялық кездесулерге қатысып, шеберлік сабақтарынан өтті, интерактивті білім блоктары мен командалық тапсырмаларды орындады, сондай-ақ мазмұнды мәдени және спорттық бағдарламадан әсер алды. Айта кетейік, елімізде 772 колледж бар, онда 550 мыңнан астам студент білім алады.
Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.