Н.Островский атындағы ОҚК Қостанай жоғары медициналық колледжінің студенттеріне көрнекті ақын, жазушы, драматург, көсемсөзші-журналист Ақылбек Қожаұлы Шаяхметтің 75 жылдық мерейтойына арналған «Ардагер ақын, асыл тұлға» атты рухани кеш өткізді.
Кештің шымылдығын «Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ директоры Гүлмира Сәбитқызы Шоқанова ашып, ізгі лебізін білдірді. Кешке арнайы қонақ болып қатысқан тарих ғылымдарының докторы, профессор Аманжол Күзембайұлы, Қостанай қаласының құрметті азаматы, журналист әрі жазушы Оразалы Отынбайұлы Жақсан, Қостанай облысының бас имамы Бектұрсын мырза, сонымен қатар Ақылбек ағаның ізбасары жас ақын Сәрсен Ниязбаев Ақылбек Қожаұлының торқалы 75 жасқа толуымен құттықтай келе, тағылымы мол әңгімелерімен бөлісті.
Кездесу барысында ақынның өмір жолы мен шығармашылық қызметі таныстырылды. Бұдан кейін сөз алған қаламгер шығармашылыққа келу жолы, өлең мен өмірдің сабақтастығы туралы әсерлі әңгіме өрбітті. Артынша жастарға арнап жалынды жырларын оқып, тыңдарманның ыстық ықыласына бөленді. Өнегелі кеш аясында «Тұмар» өнерлі жастар үйірмесінің мүшелері ақынның «Көлеңке», «Түсімде бір ел көрдім», «Қазаққа кім бар шақ келген», «Сөздер», «Халық толқуы», «Алаш рухы» және басқа да өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды.
Ақылбек Қожаұлы Шаяхмет 1983 жылы КСРО Жазушылар Одағының мүшелігіне қабылданған. Қазақтардың І және ІІІ дүниежүзілік құрылтайларының, Қазақстан халықтарының республикалық форумының делегаты, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі болған. Сонымен қоса Қостанай жастар ұйымының, Бүкілодақтық әуесқой шығармашылық фестивалінің лауреаты және «Үздік педагогтер» академиясының толық мүшесі атанғанын айрықша атап өткен жөн. Халықты рухани нәрлендіріп келе жатқан сарқылмас жырларыңыздың алдында басымызды иеміз. Жыр әлеміндегі шығармаларыңыздың шырағы сөнбесін, қаламыңыз мұқалмай, оқырмандарыңыздың қатары арта берсін деп тілейміз.
Қанипа ТАСБУЛАТОВА,
Н.Островский атындағы
ОҚК кітапханашысы,
Қостанай қаласы
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Эффективное взаимодействие педагогов и родителей
История первого детского сада Лисаковска
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.
Благодаря профессионализму коллектива редакции и пониманию важности наших тем мы, педагоги, можем представить широкой аудитории региона самые актуальные материалы о своей работе, о достижениях коллег и успехах учащихся. Я считаю, что газета «Учительская плюс» играет ключевую роль в поддержке профессионального сообщества, в развитии образования Костанайской области. И горжусь тем, что могу внести свой вклад в это дело вместе с газетой.