Қазақ халқының білім жүйесімен халықтық мектептердің қалыптасуының басында тұрған ағартушы-педагог, этнограф Ыбырай Алтынсариннің туғанына биыл 180 жыл. Мерейтойға орай ілкімді істер жоспар бойынша жүзеге асуда.
Ы.Алтынсариннің өзі ашқан және жалпы қазақ даласындағы басқа да мектептердің оқу-тәрбие жұмысын жақсартуға белсене кірісіп, оларды оқулықтармен қамтамасыз ету мақсатындағы жұмыстары кейінгі ұрпаққа үлгі болып тарихта қалғаны баршаға аян. Ол жастайынан бойына жинақтаған ұшқыр ойларының арқасында ұлттық педагогиканы қалыптастыра білді.
Дарынды ұстаздың 150 жылдық мерейтойы қарсаңында бой көтерген Қостанай облыстық Ы.Алтынсарин мемориалдық музейінің ұжымы ұлы ағартушының өнегелі өмірі мен педагогикалық қызметін одан әрі насихаттау мақсатында 180 жылдыққа 180 күнтізбе шығарды. Аталмыш күнтізбенің ерекшелігі – оның беттеріндегі ақпаратты QR-кодын қолдану арқылы бейнематериалдарды көруге болады.

Күнтізбемен таныстыру мақсатында ұйымдастырылған шараға зиялы қауым өкілдері, ардагер-ұстаздар, ыбырайтанушы-ғалымдар, мәдениет саласының өкілдері қатысты. Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегерлері және Ыбырайтанушы ғалымдар Серікбай Оспанов пен Биялаш Сүйінкина күнтізбе лентасын қиды. Артынша құрметті қонақтардың әрқайсысына бір-бір күнтізбе таратылды. Ұлы ағартушының есімін ұлықтау мақсатында елімізде талай игі жұмыстардың алдағы уақытта да атқарыла беруіне тілектеспіз.
Назгүл ШЕКТЫБАЕВА,
Ы.Алтынсарин мемориалдық
музейінің ғылыми қызметкері,
Қостанай қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.