Қостанайда «Кітапхана түні-2026» қалай өтті?

Выпуск - №16(712)   :   24.04.2026
382

Алпыс жылдық ізденіс он төрт томдық қазына (1)

Л.Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Кітапхана түні-2026» әлеуметтік-мәдени акциясы өтті. Кітапхана есігін ашқан сәттен бастап келушілерді музыка, күлкі және шығармашылық рух қарсы алды.

Кеш бойы қонақтар өздерін жай ғана көрермен ретінде емес, үлкен мәдени мерекенің бір бөлігі сияқты сезінді. Орталық залда акцияның салтанатты ашылуы өтіп, сахнада Облыстық қуыршақ театрының қойылымы ұсынылып, шығармашылық ұжымдар өнер көрметті. Зал толы адамдар қойылымды қызыға тамашалап, кей сәттерде эмоцияларын жасыра алмай, ду қол шапалақтап отырды.
Негізгі қорды сақтау бөлімінде «Қазақ халқының фольклорлық мұрасы» атты көрме мен «Ұмытылған хикаялар» экскурсиясы қонақтарды кітап әлеміне жетеледі. Әрбір бұрышта ертегілер мен тарихи әңгімелердің ізі сезіліп, қатысушылар қиял әлемінде жүргендей күй кешті. Кітап сүйер қауым үшін бұл естен кетпес кеш болды. Ал екінші қабатта әр бөлім, әр бұрыш кішігірім әлемге айналды. Арнайы ұйымдастырылған квесттер мен кітап көрмелері, жаңа әдебиеттер алаңы мен ашық микрофондар барша қонақтарды белсенділікке шақырды. Әсіресе бүлдіршіндерге арналған ойындар мен ертегі қойылымдары жылулық сыйлады.

Алпыс жылдық ізденіс он төрт томдық қазына (2)


Өнер әдебиеті бөлімінде ұйымдастырылған аквагрим, қыш өнері, сонымен қатар қолөнер және фотоаймақтар да қызығушылық тудырды. Бүлдіршіндердің сыңғырлаған күлкісі мен шығармашылыққа шөліркеген ересектердің қуанышы тоғысқан осы бір ерекше сәт – апта бойғы қарбаластан кейін жанына сая іздегендер үшін нағыз рухани демалысқа айналды. Абонемент бөліміндегі викториналар мен әдеби дуэльдер достық бәсекеге толы көңілді атмосфера сыйлады. Қатысушылар бір-бірін қолдап, жеңіске жеткен сәттерде қуаныштарын жасырмай, бірге шаттанды. Осы сәтте Өлкетану бөлімінде Абылай Мауданның «Ғажайып арал» кітабының таныстырылымы өтті. Қонақтар автордың еңбегіне үлкен қызығушылық танытып, сұрақтарын қойып, әдеби ортада тағылымға толы әңгіме өрбітті.
Үшінші қабаттағы интерактивті алаңдар – астрология, нумерология, фотоаймақтар және музыкалық кештер – келушілерді ерекше әлемге жетеледі. Кітапхананың әр бұрышында тоқтап, суретке түсіп, жадырап жүрген адамдардың көңіл-күйі кештің шынайы энергиясын көрсетті. Сирек кітаптар музейіне кірген сәтте үнсіз таңданыс орнады. Ескі басылымдар мен құнды мұралар қонақтарды терең ойға жетеледі. Кітаптың уақыттан ұзақ өмір сүретінін де сездірді. Фойе мен демалыс аймақтарында ұйымдастырылған ойындар мен квесттер кештің тамырына қан жүгіртіп, думанның көрігін қыздырды. Бұл жерде жас ерекшелігі ұмытылып, барлығы балаша көңіл көтерді. Әсіресе, Американдық бұрыш пен оқу залындағы шеберлік сыныптарында білім мен шығармашылық ұштасып, қонақтарға жаңа тәжірибе сыйлады.
«Кітапхана түні-2026» кеші аяқталған сәтте де мәдениет ордасындағы атмосфера ұзаққа дейін сейілмеді. Қостанайлықтар сыртқа шықса да, алған әсері мен жылы сезімімен бөлісіп, керемет көңіл-күйде алдағы демалыс күндерін қарсы алуға дайын болды. Шынайы рухани мереке қоғамның кітапқа деген қызығушылығын тағы бір мәрте оятты.

Айгерім БАХИТБЕК,
А.Байтұрсынұлы атындағы
ҚӨУ журналистика мамандығының
3-курс студенті

Реклама

Областная образовательная газета «Учительская плюс» – это настоящая педагогическая копилка. В одном номере можно увидеть работу самых разных учителей со всей области, разные направления, почерпнуть ценный опыт. Можно, конечно, что-то и в соцсетях прочитать, но там надо искать, заходить к каждому на страничку отдельно, а газету открываешь – и всё костанайское образование перед тобой, вся наша учительская жизнь. Я с удовольствием рассказываю о своей работе, о своих методах, об успехах моих воспитанников. Газета помогает мне делиться своими идеями и вдохновляться работами коллег.

Думаю, что безо всякой агитации каждый учитель, воспитатель, психолог должен иметь газету «Учительская плюс». Как без неё узнавать, как работают ваши коллеги, что нового в методике преподавания, поделиться своим опытом?
В своё время, будучи завучем средней школы, я обобщала лучший опыт учителей своей школы, знакомила их опытом работы других, и вообще не представляю педагога без настольной газеты «Учительская плюс» и своего предметного журнала, откуда черпаешь все новинки методической работы.
Поэтому совет вам, дорогие молодые коллеги: не опоздайте выписать, не останьтесь без профессиональной помощи газеты «Учительская плюс»!