Кітапханалар – өлке мәдениеті мен тарихының сақтаушысы. Рудныйдың орталықтандырылған кітапхана жүйесі бұл бағыттағы жұмысын жандандырып, Жастар ресурстық орталығында тұсаукесері өткен «Әдеби қолтаңба» жобасын жүзеге асыруда.
Жоба әдеби өлкетануды насихаттап, Қостанай облысының ақындары мен прозашыларымен кездесулер өткізу арқылы жергілікті жазушылардың шығармашылығын дәріптеу және мәдени мұраны сақтауды көздейді. «Әдеби қолтаңба» жобасы өңірдің қаламгерлерін біріктіріп, оларға қала тұрғындарымен жақын араласу мүмкіндігін береді. Ал, қала тұрғындары жергілікті ақын-жазушылардың шығармашылығымен таныса алады.
Жастар ресурстық орталығында өткен кездесу жобаның өзектілігі мен маңыздылығының тамаша дәлелі болды. Шақырылған қонақтардың қатарында студенттер мен оқушылардан бөлек «Рудненский меридиан» әдеби бірлестігінің мүшелері (жетекшісі – Татьяна Маркова), қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері Жақсылық Кәкенов, Сүндет Молдашев, музыкант әрі суретші Гвоздева Светлана, сонымен қатар қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Динара Сыздықова болды. Құттықтау сөздерінде олар жобаның маңызына ерекше тоқталып, оның әлеуметтік және мәдени құндылығын атап өтті.
Мерекелік көңіл-күйді «Аққу» би үйірмесі, «Жадыра» халық этно-ұжымының қатысушылары және Ахмет Байтұрсынов атындағы №19 орта мектептің домбырашы оқушылары көтерді. Іс-шара барысында рудныйлық ақындардың өлеңдері және олардың сөзіне негізделген әндер шырқалды. Ал, фойеде ұйымдастырылған ауқымды кітап көрмесі жергілікті авторлардың шығармашылығын жан-жақты таныстырып, шараның поэтикалық атмосферасын толықтырды.
Жобаның алғашқы қадамы жасалды. Оның жүзеге асуы қаладағы білім беру және мәдениет мекемелерінің өлкетану әдебиетін қолдау мен насихаттау бағытындағы күш-жігерін біріктіріп, өскелең ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға септігін тигізеді деген сенім бар.
Наталья ПАВЛЕЦОВА,
ОҚК қызмет көрсету
бөлімінің меңгерушісі,
Рудный қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.