Л.Н. Толстой атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында қазақ әдебиеті апталығы ұйымдастырылды. Оның ашылу салтанатына С.Оспанов, А.Шаяхмет, Ә.Әбдіқадыров, Ж.Аязбеков сынды қаламгерлер, зиялы қауым өкілдері, мектеп оқушылары, студенттер қатысты.

Қостанайлық ақын-жазушыларымыз қазақ әдебиетіне қатысты ой-пікірлерімен бөлісіп, оқырмандарды кітап оқуға шақырды. Әрине, көп оқып, рухани әлемін байытуға ұмтылатын адамның осал болмасы анық. Апталықтың ашылу салтанатында сондай-ақ мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Р.Олжабаева сөз алып, әдебиет апталығының оқырмандарға ой салып, кітап оқуға қызығушылығын арттыруға сеп боларын жеткізді. Ол көрнекті қаламгер Төлен Әбдікке «Халық жазушысы» құрметті атағы берілгенін сүйіншілеп, оқырмандарға сөз соңында әдебиет апталығының сәтті өтуіне тілектестігін білдірді.
Әдеби кештің ажарын мектеп оқушыларының орындауындағы өлең, жырлар әрлендіре түсті. Сондай-ақ, жазушы-драматург, Амангелді ауданының құрметті азаматы Ә.Әбдіқадыровтың «Амангелді батыр» пьесасынан үзінді көрсетіліп, бас кейіпкердің рөлін І.Омаров атындағы қазақ драма театрының белді актері Бақытжан Таңатқанұлы сомдады. Бұл туынды – ұлттық рухты көтеруге, жастардың патриоттық сезімін оятып, ұштай түсуге зор ықпал етті деуге болады. Апталық аясында халық ақыны Омар Шипиннің «Амангелді батыр» дастанының 80 жылдығына арналған «Жауға шапқан Ақсұңқар» атты мазмұнды баян оқырмандар назарына ұсынылып, келесі күні тағы бір жерлесіміз, суырып салма ақын Н.Ахметбековтің 120 жылдығына орайластырылған «Торғайдың топжарғаны» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
.jpg)
Апталықты ұйымдастырушылар сөз өнерін сүйетін, әдебиетке жақын мүмкіндігі шектеулі жандарды да назардан тыс қалдырған жоқ, олар үшін әдеби қонақжайда ақын С.Торайғыровтың 130 жылдығына арналып, әсерлі кеш өткізілді. Мерейжасы ұлықталған тағы бір қаламгер – Т.Ахтановтың 100 жылдығына орайластырылған «Тарлан талант Тахауи» іс-шарасы да оқырман көңілінен шығып, халық жазушысын әр қырынан тануға мүмкіндік берді. Өңірімізде ерен еңбегімен өзгелерге үлгі боларлық азаматтар жетерлік. Оларды халыққа танытып, өнеге ету ісіне өз қаламгерлеріміз де атсалысып келеді. Соның бір айғағы – «Еңбегі ел жадында» кітабы, құрастырушылар – Рамазан Айдарбекұлы және Әбутәліп Әмір. Жаңа жинақтың тұсаукесеріне кешке жинлған жастар да қызығушылық білдірді.
Қазақ әдебиеті апталығы аясында жоспарланған іс-шараның бірі өзгеше аудиторияда – «Қостанай плаза» сауда орталығының ойын-сауық алаңында өтті. «Жырлайды жан жүрегім жақсылықты» атты поэзия кешіне жергілікті жас ақындармен қатар облыстық кітапханаданың «Ақ қауырсын» үйірмесінің талантты жастары белсенді атсалысты. Көрермендер арасынан да өлең, жырдан шашу шашқандар қатары аз болған жоқ. Кеш барысында викторина сұрақтары қойылып, түрлі ойындар жүргізілді. Жеңімпаздарға сыйлықтар да ұсынылды. Сөз реті келгенде кешке демеуші болған азамат – Қазақстанның Еңбек Ері Алмат Тұрсынов екенін айтып өткен абзал. Ал, іс-шараны жүргізуші Гүлжан Байзирова мен Надежда Гилязовадан бастап, өзге де жауапты қызметкерлердің апталықтың әр күніне тиянақты дайындалғаны көрініп тұрды.
Осылайша облыстық кітапхана қызметкерлері ұйымдастырып, сөз өнерін әспеттеген «Қазақ әдебиеті апталығы» жоғары деңгейде өтті. Тұрақты оқырмандарға ғана емес, жалпы көпшілікке ой салып, назарын кітап, газет-журнал оқуды рухани серік етуге үндеген осынау ауқымды іс-шаралар кешені облыс көлеміндегі айтулы оқиға болғаны анық.
Биалаш СҮЙІНКИНА,
ҚР білім беру саласының
құрметті қызметкері,
Қостанай қаласы
Благодаря профессионализму коллектива редакции и пониманию важности наших тем мы, педагоги, можем представить широкой аудитории региона самые актуальные материалы о своей работе, о достижениях коллег и успехах учащихся. Я считаю, что газета «Учительская плюс» играет ключевую роль в поддержке профессионального сообщества, в развитии образования Костанайской области. И горжусь тем, что могу внести свой вклад в это дело вместе с газетой.
«У страны с сильной прессой – большое будущее», – сказал Мыржакып Дулатов. Действительно, роль СМИ на пути роста сильного общества велика. С каждым годом становится всё больше и больше грамотных читателей со своим видением и потребностями. И это радует. Издание «Учительская плюс», вестник сферы образования нашего региона, заряжает педагогов творческим вдохновением. На протяжении нескольких лет в этой газете публиковались мои статьи, написанные с целью популяризации имён и достижений талантливых учителей и студентов Рудненского социально-гуманитарного колледжа им. И.Алтынсарина. В последние годы я начала писать небольшие произведения. И именно «Учительская плюс» впервые представила мои рассказы. Для меня это издание занимает особое место. Верю, что и в дальнейшем газета «Учительская плюс» со сформированной читательской средой продолжит процесс духовной поддержки творческих и талантливых педагогов.